Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі
Арнаулы пән оқытушысы Кобекова С
С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Сабақтың тақырыбы: Диаграммалар тұрғызу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға теориялық білім нәтижелерін тәжірибемен ұштастыру. Диаграммамен жұмыс жасай білуге, оны кез-келген уақытта пайдалана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, сауаттылыққа, жан-жақтылыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, ынталарын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау ұшқырлығын, ой-өрісін, зеректігін, жан-жақты дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Көрнекі құралдар: Компьютерлер, компьютерлік шаблондар арқылы нұсқаулар, үлестірмелі кеспе қағаздары, бағалау түрлі-түсті қағаздары, оқулық.
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
(оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, құрал-жабдықтарын тексеру, зейіндерін, назарларын сабаққа аудару)
ІІ. Үй жұмысын сұрау
Үй жұмысын сұрау кезінде оқушыларды екі топқа бөліп, екі топтың дайындықтарын салыстырмалы түрде бағалау. Екі топтың да оқушылары өз дайындықтары бойынша сұрақтарға жауап беріп, компьютерде орындап көрсетеді.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары
Үлестірмелі кеспе қағаздарымен және компьютермен жұмыс.
Кесте дегеніміз не?
Кесте құрудың қанша әдіс-тәсілдері бар?
3 бағана, 5 қатардан тұратын кесте құрыңыз.
Кестені автоформат командасы арқылы безендіріңіз.
2 бағанадан тұратын кестеге қосымша 2 бағана қосыңыз.
5 бағанадан тұратын кестеден 1 бағананы алып тастаңыз.
3 бағана, 5 қатардан тұратын кестенің бірінші қатарын толық біріктіріңіз.
5 бағана, 3 қатардан тұратын кестеге қосымша 2 қатар қосыңыз.
Біріктірілген кестені 5 бөлікке бөліңіз.
5 бағана, 8 қатардан тұратын кесте құрыңыз.
ІҮ. Жаңа сабақ
Жоспары:
Диаграммаға жалпы шолу.
Диаграмманың тиімділігі.
Диаграмма құру жолдары.
Диаграмма жасау.
Диаграммалар – бұл деректерді сызбалық түрде ұсыну амалы. Диаграмманы бетке кірістіруге немесе жеке бетте орналастыруға болады. Диаграмма дегеніміз – ол мәліметтерді графиктік түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді.
Диаграмманы көбінесе үлкен мекемелерде, қызмет орындарында, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында қорытынды шығарған кезде, яғни нәтижесін салыстырмалы түрде көрсету керек болған жағдайда қолданылады.
Диаграмма немесе график тұрғызу үшін Диаграмма шебері деген функцияны қолданған жөн.
Диаграмманы екі бағдарламада да жасауға болады, ол үшін: MS Word бағдарламасында 1-сурет мәзір қатарынан Кірістіру => Сурет => Диаграмма (вставка =>рисунок=> диаграмма) командасын орындаймыз немесе MS Excel бағдарламасында 2-сурет стандарттар тақтасындағы диаграмма шебері батырмасын қолданған жөн.
1-сурет.
немесе MS Excel бағдарламасында құру.
2-сурет
Мәзір қатарында орналасқан диаграмма терезесіне тышқан тетігін апарып шертіп, диаграмма типі (тип диаграммы) терезесін ашамыз. Диаграмманың типтері көп. Біз оларды өз қалауымыз бойынша таңдаймыз.
Диаграмма келесі типтегідей болады:
Діңгектік (гистограмма);
Сызықтық;
Дөңгелек;
Нүктелік;
Шығыршықтық;
Цилиндрлік;
Конустық;
Пирамидалық және т.б.
Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі:
Көлденең немесе категория осі;
Тік немесе мәндері осі болады.
Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады:
Тор, тақырып және аңыз.
Тор диаграмманың жақтауларын кесте түрінде бейнелейді. Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады. Аңыз диаграммада берілген бірқатар деректерді ажыратуға көмектеседі.
Осындай командаларды орындай отырып, дайын болған диаграмманы енді безендіру керек. Ол үшін диаграмманың қай бөлігінің түсін өзгертетін болсақ, сол бөлікті ерекшелеп алып диаграмманың үстіне тышқан курсорын екі рет шертіп, ашылған терезеден (формат элемента данных) қалаған түсін таңдап, ОК түймесін шертеміз.
Ү. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Диаграмма дегеніміз не?
Диаграмманың қандай типтері бар?
Диаграмма қалай құрылады?
Диаграмма қандай қызмет атқарады?
Жаңа сабақ ассосация әдісі арқылы бекітіледі.
ДИАГРАММА
ТИПТЕРІ
ҮІ. Қорытынды
Оқушылар сұрақтарына жауап беру.
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру
§ 3.3 – тақырып. 149 бет
Әр оқушы өз жанұясының мәліметтері туралы
диаграмма жасау.
ҮІІ. Қолданылған әдебиеттер:
1. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева «Информатика»
пәнінен оқу құралы.
2. О.Камардинов «Информатика».
3. М.Қ.Балапанов «Информатикадан 30 сабақ».
4. Н.Т.Ермеков «Ақпараттық технологиялар» кәсіптік білім.
5. Н.Т.Ермеков, Н.Ф. Стифутина «Информатика 8» оқулық.
6. Н.Т.Ермеков, В.А.Круворучко, С.Ж.Ноғайбаланова
«Информатика 10»
7. Н.Т.Ермеков, М.А.Ғалымжанова, С.Ж.Ноғайбаланова «Информатика 11»
Достарыңызбен бөлісу: |