Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы
Қарағанды 2017
Жоспар:
Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз.
Тиімді коммуникацияға кедергілер
Екі адамның бір жағдайды түрліше қабылдауы, тиімді коммуникация
Үшін үлкен кедергі болып табылады.Ең алдымен қарым-қатынастың екі жақты процесс екенін ұмытпау керек.
Қате немесе бір-біріне қайшы келетін мәліметтер беру
Тыңдаушының қажеттіліктері мен қызығушылығын ескермеу
Коммуникация құруда науқасқа бағытталған ұстанымның рөлі
Науқасқа бағытталған ұстанымды қолдану, яғни жағдайға науқастың көзімен қарау, науқастың неғұрлым еркін, сенімді болуына мүмкіндік туғызады және тиімді кеңес беруге көмектеседі.
Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Кім жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа жеткісі келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.
С.А.Левин және оның ізбасарлары қағидасында «қарым-қатынас жасауда кездесетін қиындықтардың
көпшілігі дәрігерлердің көбінесе адамдарға жіне олардың денсаулығына емес, ауруғағ оны емдеуге көп мән бермейтіндігінен туып жатады. Науқасқа бағытталған ұстаным оң бағаға ие болып , денсаулық сақтау қызметкерлерін дайындау шараларына енгізілді», - деді.
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін төмендететін жағдайлар
Дәрігердің кәсіби іс –әрекеті терапевтік әсер ету тактикасы мен стратегиясын меңгерумен байланысты және жағдайды болжай алу, аурудың асқынуын, фармакологиялық емдеу салдарын болжай алу іскерлігін талап етеді.Осыған орай дәрігерде адаптивті жіне кейде дезадаптивті рөл ойнайтын мазасыздықтың болуы маңызды.
Мазасыздану - адамның тынышсыздыққа, үрейлілікке, әсерленуге деген бейімділігі . Мазасыздық белсенді елестетудің, болашақты қиялдаудың нәтижесі болып табылады. Мазасыздық адамды қозуды бәсеңдетуге мүмкіндік бермейтін, аяқталмаған ситуациялардың, шектелген белсенділіктің болуы салдарынан пайда болады.
Осыған байланысты, мазасыздық индивидтің санасында сәтсіздікті, қауіпті болжаумен немесе белгісіздік жағдайында адам үшін маңызды, ауқымды нәрсені күтумен байланысты өте күшті ішкі азапқа салатын мазмұнсыз мазасыздану деп түсінілетін эмоциялық ахуал. Анық байқалатын мазасыздық дененің түрлі бөліктеріндегі анықталған, көбіне кеуде тұсындағы «жайсыздықты», «дірілдеуді», «буырқануды», «қайнауды» сезіну және ол көп жағдайда түрлі сомато-вегетативтік ауытқулармен (тахикардия, тершеңдік, терінің қышуы және т.б.) қатар жүреді.