Инфильтративті ларингит (laryngitis infiltrativa) - үдеріс тек шырышты қабатты ғана алмай, терең жатқан тіндерге де жайылатын көмейдің жедел қабынуы. Үдеріске бұлшық етті аппарат, байламдар, шеміршек үсті тіні қатысуы мүмкін.
Этиологиялық факторы болып көмейдің тініне жарақаттанғанда немесе бастан өткен инфекциялық аурудан кейін енген бактериалдық инфекция болып табылады. Инфильтративті ларингиттің этиологиясында ыңғайлы жағдайға жалпы және жергілікті резистенттіліктің төмендеуі жатады. Қабыну үдерісі шектелген немесе жайылған түрде болуы мүмкін.
Клиникалық көрінісіқабынудың дәрежесіне және қаншалықты жайыл- ғандылығына байланысты. Жайылмалы түрінде қабыну үдерісіне көмейдің барлық шырышты қабығы, ал шектелген түрінде - оның жекелеген жерлері: ожау тәрізді шеміршектер арасындағы кеңістік, вестибулярлы бөлімі, көмей үсті шеміршегі, дауыс байламы асты кеңістік шалдығады. Науқас жұтынғанда күшейетін ауырсынуға, айқын дисфонияға, дене қызуының жоғарылауына, на- шар сезінуіне шағымданады. Қою шырышты-іріңді қақырық түсуі мүмкін. Осы симптомдардың фонында тыныс алу қызметінің бұзылыстары болуы мүмкін. Регионарлық лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда тығыз және ауыр- сынады.
Клиникалық көрінісі қабынудың дәрежесіне және қаншалықты жайыл- ғандылығына байланысты. Жайылмалы түрінде қабыну үдерісіне көмейдің барлық шырышты қабығы, ал шектелген түрінде - оның жекелеген жерлері: ожау тәрізді шеміршектер арасындағы кеңістік, вестибулярлы бөлімі, көмей үсті шеміршегі, дауыс байламы асты кеңістік шалдығады. Науқас жұтынғанда күшейетін ауырсынуға, айқын дисфонияға, дене қызуының жоғарылауына, на- шар сезінуіне шағымданады. Қою шырышты-іріңді қақырық түсуі мүмкін. Осы симптомдардың фонында тыныс алу қызметінің бұзылыстары болуы мүмкін. Регионарлық лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда тығыз және ауыр- сынады.
Емі сәйкесінше, стационарлық жағдайда өтеді. Сол жасқа сәйкес максимал- ды дозада антибиотикотерапия, антигистаминді дәрілер, муколитиктер, ал егер қажет болса аз уақытқа кортикостероидтар тағайындалады. Абсцесс диагнозы қойылса, шұғыл хирургиялық көмек көрсетіледі. Жергілікті анестезиядан кейін көмейлік пышақпен іріңдікті немесе инфильтратты тіледі. Бір уақытта массивті антибиотикотерапия, антигистаминді терапия, кортикостероидты дәрілер, де- зинтоксикационды және трансфузионды терапия тағайындалады. Сонымен қатар анальгетиктерді тағайындау қажет. Әдетте үдеріс жылдам кетеді. Аурудың өту кезеңдерінде көмей саңылауы- ның жағдайын бақылап отыру қажет және асфиксия болатынын күтпей, трахеостомия жасау керек.