Хондроперихондрит (hondroperihondritis) - көмей шеміршегі мен шеміршек қабығының қабынуы. Алдымен шеміршек қабығы зақымдалады, кейін қабынулық үдеріс шеміршекке ұласады. Клиникалық жедел және созылма- лы, іріңді және склерозды түрлерін ажыратады. Іріңді түрі жарақат алғанда, инфекциялық әсерден дамиды, склерозды түрі созылмалы қабыну үдерісі кезінде дамып, екіншілік тыртықтанумен аяқталады.
Біріншілік – гематогенді немесе инфекциялық жолмен дамиды.
Екіншілік – алғашында сілемейлі қабық, кейіннен шеміршек және шеміршекқап зақымданады.
Шектелген және жайылған; Жіті және
созылмалы.
Хондроперихондритті жиі туындататын этиологиялық факторлар: көмей жарақаттары, оқжарақаттар, интубациялар, жүзік тәрізді шеміршекті зақымдайтын тым жоғары жасалған трахеостомия. Хондроперихондрит көмейдің қатерлі обырын сәулелік терапиямен емдеу нәтижесінде дамуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі көмейдің ауырсындырумен, жұтынғанда ауырсындырумен, дене температурасының жоғарылауымен, даусының қарлығуымен, тыныс алудың қиындауымен сипатталады. Көмейдің контурлары тегістелгендігі, мойын жуандағаны, пальпациялағанда қатты ауырсындыратыны және мойынның лимфадениті мен флюктуациясы көрінеді.
Ауруды диагностикалау үшін рентгенологиялық зерттеу қажет. Онда жұмсақ тіндер көлеңкесінің жуандағанын және шеміршектің қалыпты сүйектену суретінің өзгергендігін көреміз.
Ауруды диагностикалау үшін рентгенологиялық зерттеу қажет. Онда жұмсақ тіндер көлеңкесінің жуандағанын және шеміршектің қалыпты сүйектену суретінің өзгергендігін көреміз.
Емінде маңызды рөлді антибиотикотерапия мен ісінуге қарсы дәрілер атқарады. Емді уақтылы бастаса, іріңдеу процесін алдын алуға болады. Егер де абсцесс пайда болса, оны ашамыз. Бұл шара жеткіліксіз болса, онда ларингофиссура жасайды да, іріңді шеміршектің секвестрімен бірге қоса алып тастайды, сілемейлі қабықты теріге тігеді. Егер де абсцесс өз бетімен жарылса, іріңмен аспирациялану және өкпенің ауыр асқынулары дамуы мүмкін. Көмейдің декомпенсацияланған стенозы дамыса, трахеостомия жасалынады.
Қорытынды
Көмейдің қабыну ауруларының даму этиологиясы бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және тағы басқа қоздырғыштар болғандықтан, гигиеналық тазалықты сақтау қажет, жеп, ішіп жатқан тамақтарымызды жуып тазалап тұтынуымыз қажет. Оған қоса аурудың алдын алу үшін, дер кезінде емдеу үшін уақытысында дәрігерге қаралу қажет.