Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университеті Медицина факультеті Хирургиялық аурулар кафедрасы БӨЖ Тақырыбы: Көмей дің жедел қабыну аурулары
Көмей мен кеңірдектің жедел қабыну аурулары көбінесе жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы нәтижесінде болады. Оған әр түрлі этиология себеп болады: бактериалды, саңырауқұлақтық, вирусты, аралас. Жедел ларингиттің келесі түрлері бар:
Катаралді
Ісінген
Инфильтративті-ініңді (флегмонозды)
- Инфильтративті
-Абсцесті
Жедел катаралді ларингит
Жедел катаралді ларингит (laryngitis) - көмейдің шырышты қабатының же- дел катаралді қабынуы. Өз бетінше жеке ауру ретінде флораның активациясы нәтижесінде, көмейдегі экзогенді және эндогенді факторлар әсерінен болады.
Этиологиясы
Экзогенді фактор ретінде:
• суық тигізіп алу;
• кілегейлі қабаттың тітіркенуі;
• кәсіби зияндарды (шаң-тозаң, газдар т.б.);
• ұзақ айғайлап суықта сөйлеу, қатты суық немесе ыстық тамақ ішуді айтуға болады.
Эндогенді факторларға:
• иммундық реактивтіліктің төмендеуі;
• ас қорыту жолдарының аурулары;
• аллергиялық реакциялар;
• жасқа байланысты шырышты қабаттың атрофиясы жатады.
Жедел катаралді ларингит жыныстық жетілу кезінде дауыс мутациясы нәтижесінде жиі пайда болады. Сан қилы этиологиялық факторлардың арасында бактериалды флораның маңызы өте зор - В-гемолитикалық стрептококк, streptococcus pneumoniae, вирустық инфекциялар; тұмау вирустары (А және В тұмауы, парагрипп ви- рустары, коронавирус, риновирус), саңырауқұлақтық флора. Көбінесе аралас микрофлора болуы мүмкін.