Орындаған: Төлжанқызы И. Тобы: жм-005



бет2/6
Дата09.05.2024
өлшемі2,38 Mb.
#201913
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лор2 бөж

Клиникалық көрінісі


Клиникалық көрінісіне дауыстын карлығуы, жыбырлау, (тамақта бөгде зат бар деп сезіну жатады. Көп жағдайда дене қызуы қалыпты болады, кейде ғана субфебрилді көтерілу байқалады. Дауыс құраушы қызметтің бұзылысына сәйкес дауыс дисфониясының әр түрлі кезеңдері жүреді. Кей жағдайда наукасты құрғақ жөтел мазалайды, біраз уақыттан соң ол қақырықтың шыққанын баяндайды.
Патоморфологиялық өзгерістер ретінде канайналымның бұзылысы, кызаруы/ ұсақ клеткалы инфильтрация) көмейдің шырышты қабатының се- розды қабынуын көреміз. Егер қабыну қатпарасты кеңістікке таралса жалған круп немесе қатпар асты ларингиті дамиды.

Емі

  • Маңызды және қажет емдік шара болып жедел қабыну көріністері өшкенге дейін дауыс режимін (үнсіздік режимі) сақтау болып табылады. Қорғаныштық дауыстық режимді сақтамау тек жазылуды ғана кешіктірмейді, сонымен қатар үдерістің созылмалы түрге өтіп кетуіне септігін тигізеді. Ащы, тұзды тағамдарды, спирттік ішімдіктерді қолдануға, темекі тартуға болмайды. Дәрілік терапия негізінен жергілікті қолданылады. Көмейдің шырышты қабатын қабынуға қарсы компоненттері бар препараттармен (биопарокс, ИРС-19 және т.б.) шаю және ингаляция жасау тиімді; 7-10 күн бойы кортикостероидтардан, антигистаминді дәрілер және антибиотиктерден тұратын қоспаларды көмейге құю қажет. 1% ментолдың майлы ерітіндісі, гидрокортизонның эмульсиясы, 0,1% адреналин гидрохлоридінің бірнеше тамшысы бар қоспаны көмейге құйған тиімді болып табылады. Науқас жатқан бөлмеде ауаның ылғалдылығын жоғары деңгейде ұстаған жөн.

Көмейдің ісінуі

  • Көмейдің ісінуі (oedema laryngis) - көмейдің саңылауын тарылтатын көмейдің шырышты қабатында тез дамитын вазомоторлы-аллергиялық ісіну үдерісі. Көмейдің ісінуі көмейдің қандай да бір ауруларының екіншілік көрінісі болып табылады.

Көмейдің жедел ісінуінің пайда болу себептері


Көмейдің қабыну үдерістері (қатпарасты ларингит, жедел ларинготрахео- бронхит, хондроперихондрит және т.б.);
Жедел жұқпалы аурулар (күл, қызылша, жәншау (скарлатина), тұмау және т.б.);
Аллергиялық аурулар;
Кеңірдекке көршілес жатқан мүшелердің патологиялық үдерістері (көкірекаралықтың, өңештің, қалқанша бездің ісіктері; жұтқыншақарты абсцесі, мойын флегмонасы т.б.).
Көмей мен көмей жарақаттары (механикалық, химиялык);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет