Көмей баспасы (angina laryngis) - Морганьи қарыншасында, ожау тәрізді - көмей үсті қаптарының шырышты қабатында, алмұрт тәрізді қойнаудың түбін- де, сонымен қатар көмей үсті шеміршегінің тілдік беткейінде орналасқан көмей- дің лимфаденоидты тіндерінің зақымдалуымен жүретін жіті инфекциялық ауру. Салыстырмалы сирек кездеседі және жедел ларингит тәрізді өтуі мүмкін.
Этиологиясы Қабыну үдерісін шақыратын этиологиялық фактор әр түрлі бактериалды, саңырауқұлақты және вирустық флора болып табылады. Шырышты қабыққа қоздырғыштың енуі ауалық-тамшылы немесе алиментарлы жолдармен жүруі мүмкін. Этиологиясында сонымен қатар суық тию мен көмей жарақатының маңызы бар.
Клиникалық көріністері көбінесе таңдай бадамша бездерінің баспасына ұқсас. Жұтынғанда және мойынды бұрғанда күшейетін ауырсыну мазалайды. Дисфония, тыныс алудың қиындауы болуы мүмкін. Көмей баспасында дене қызуы жоғары - 39 °С градусқа дейін, тамыр соғысы жиілеген. 5.10-сурет. Көмей үсті шеміршегінің Біңдігі Пальпациялағанда регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады. Ларингоскопияда кейде тыныс алу жолдарын тарылтатын көмейдің шы- рышты қабығының гиперемиясы мен инфильтрациясы, нүктелік іріңдіктері бар жекелеген фолликулалар көріне- ді. Созылмалылау ағымында көмей үсті шеміршегінің тілдік беткейінде, ожау тәрізді-көмейүсті қатпарында және т.б. лимфаденоидты тіні бар жерлерде абсцесс пайда болуы мүмкін.
Диагноз қою. Сәйкес анамнезі, клиникалық белгілері және тікелей емес ларингоскопия арқылы дұрыс диагноз қоюға болады. Көмей баспасын күл ауруынан ажырата білу керек, себебі ағымдары ұқсас келеді.
Диагноз қою. Сәйкес анамнезі, клиникалық белгілері және тікелей емес ларингоскопия арқылы дұрыс диагноз қоюға болады. Көмей баспасын күл ауруынан ажырата білу керек, себебі ағымдары ұқсас келеді.
Емі. Еміне кең спектрлі әсер ететін антибиотиктер (аугментин, амоксиклав, цефазолин, кефзол, т.б.), антигистаминді дәрілер (тавегил, фенкарол, пери- тол, кларитин, т.б.), муколитиктер, анальгетиктер, ыстықты төмендететін дәрілер кіреді. Тыныс алу бұзылысының көріністері байқалса, 2-3 күнге қысқа уақытқа кортикостероидты терапияны қосады. Айқын стенозда трахеотомия көрсетілген.