Орындаған: Закешов Алтай Тобы: 21-дск-1 Тексерген



бет1/5
Дата08.06.2023
өлшемі423,53 Kb.
#178432
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Алтай
микробиология презентация, микробиология презентация, англ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
КУРСТЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Автомобиль жолдарын жобалау негіздері


Орындаған: Закешов Алтай
Тобы: 21-ДСК-1
Тексерген: Раимбекова
Ардак Касымхановна


Өскемен
2023 жыл


Мазмұны







  1. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН ЖОБАЛАУ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ СИПАТТАМАСЫ………………………………………6

1.1 Климаты……………………………………………………………………..6-7
1.2 Жер бедері және гидрологиясы…………………………………………….8
1.3 Топырағы және өсімдіктері………………………………………...............9
2. ЖОЛДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ САНАТЫН АНЫҚТАУ……………………..11
3. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН ҚНжЕ КӨМЕГІМЕН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЕСЕП АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ………13
4. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ТРАССА ЖОСПАРЫН ЖОБАЛАУ………15
5. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ БОЙЛЫҚ ҚИМАСЫН ЖОБАЛАУ……….18
5.1 Бойлық кескінді жобалау…………………………………………………...22
6. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ КӨЛДЕНЕҢ ҚИМАЛАРЫН ЖОБАЛАУ……………………………………………………………………….23
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………….25

КІРІСПЕ
Автомобиль жолы – жолаушыларды, жүктерді тасымалдауға арналған, көлік құралдарының ыңғайлы(комфортты) жүруіне арналған және елді-мекендерді бір-бірімен байланыстыру үшін орындалатын күрделі инженерлік құрылым. Біздің елімізде автомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, сол себепті жол-көлік кешенінің жұмысына аса тәуелдіміз. Елімізде қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км екен. Оның ішінде 17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар екен (93%-іне асфальт төселінген). Қалғаны жергілікті жолдар (57-іне асфальт төселген).
Қазіргі заманғы автомобиль жолдары күрделі инженерлік құрылымдар болып табылады. Олар автомобильдер ағындарын жоғары жылдамдықпен жылжыту мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Жолдар автомобильдердің техникалық мүмкіндіктерін іске асыра алатындай етіп жобаланады және салынанады, яғни, бұрылыстарда, көтерілулерде және түсулерде автомобильге сырғанау және аударылу қаупі төнбейді деген сөз. Жыл бойына жол берік болуы керек және динамикалық жүктемелер мен ауа райы жағдайларына төтеп бере алуға тиіс. Олардың жұмысының осы ерекшеліктерін жобалаушылар, құрылысшылар, эксплуатациялық қызмет қызметкерлері ескеруі керек, олар ұзақ уақыт бойы жолдың жылдар бойғы қалыпты қызметін қамтамасыз етуге міндетті.
Жолдарды жобалау кезінде жол құрылысы материалдары мен жер бедерінің жағдайларын ұтымды пайдалану қажет. Жол салу жоспарларының орындалуы құрылыс сапасының артуымен және оның өзіндік құнының төмендеуімен ажырамас байланысты.
Қазіргі кезде мемлекеттің өмірін автомобильдерсіз елестету мүмкін емес, оның бойында жүктер мен жолаушылар тасымалданады, олардың көмегімен қолайлы өмір сүреді. Бұл қазір қалыпты жағдайға айналған. Адамдар Автокөліктердің техникалық көрсеткіштерін дамытқан сайын және қозғалыс ағыны артқан сайын жолдарды жобалап салу қажеттілігі арта түсті, осылайша апат ықтималдығы азаяды. Соңғы кездері дәл осы проблемаға көп көңіл бөлінуде.

1 АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН ЖОБАЛАУ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ СИПАТТАМАСЫ



    1. Климаты

Жобалау ауданы. Көкшетау — Ақмола облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан қала. Қала ауданы — 233,97 км². Тұрғындарының саны — 146 104 адам (2020). Қала әкімшілігіне бағынышты екі ауылдық округте 12 563 адам өмір сүреді. Көкшетау қаласынан Нұр-Сұлтанға дейінгі қашықтық 276 км.


Сурет 1.1 - Көкшетау қаласының орналасқан жері
Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы және құрғақ, қысы ұзақ және аязды, ұзақ. Жылдық орташа температура 3,5 °C. Жаздың орташа температурасы шамамен 20,5 °C. Жылына үш ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі.
Кокшетау қаласы IV жол климаттық аймағында орналасқан.
Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері −14,5 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты −48 °C аязға дейін баруы мүмкін. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 230 – 400 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады. Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2256 сағат. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — шілде (69 мм), ең аз түсетін ай — ақпан (10 мм).
Орташа жылдық температура — +3,5 C°
Орташа жылдық жел жылдамдығы — 3,9 м/с
Орташа жылдық ауа ылғалдылығы — 71 %

Кесте 1.2 – Климаттық көрсеткіштердің маусымдық ауытқуы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет