Жартылай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Жартылай бақылау арқылы жиналған мәліметтер жаппай бақылау мәліметтерімен салыстырғанда көлемі жағынан аз болады. Бірақ, осы тәсіл арқылы жасалған мәліметтердің қорытындысы жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болуы тиіс. Яғни оны жаппай жиынтық қорытындысы ретінде, толық түрінде қолдануға болады.
Зерттеліп отырған жиынтық бірліктерін толық қамту мүмкіндігі болмаған жағдайда және шығын құны мен жұмыс көлемін азайту үшін жартылай бақылау тәсілі қолданылады. Сондай-ақ, бұл тәсіл жалпы бақылау арқылы жиналған мәліметтердің дүрыстығына тексеру үшін де пайдаланылады.