Статистикалық бақылау - статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы.
Мұнда әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады.
Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактыны өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықтың толық қамтылуын, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау.
Статистикалық бақылау
статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді өздеріне тән нышандарына қарай бір жүйеге келтіріп, жинақтау және оларды өңдеу, топтау;
- жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін тұжырымдау.