Уақыт мерзіміне қарай тіркеуге байланысты, статистикалық бақылау
Кезеңдік бақылау
Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау
Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау
Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі бір уақыт мерзіміндетіркеуге алуды айтады.
Үзлісті бақылау
Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Оған, мысалы, халық санағы, мал санағы, өндірістік құрал-жабдықтарды есепке алу және т.б. жатады.
Үзілісті бақылау уақыт мерзіміне қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер, зерттеу жұмыстары бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бір-ақ рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы бақылау деп атайды.
Бақылау жүргізу кезінде бақылаудың ең негізгісі болып шекті уақыт кезеңін анықтау саналады. Статистикалық бақылаудың шекті уақыт кезеңі дегеніміз - зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн мен уақыт мерзімі.
Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылауға жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса, онда оны тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Мысалы, құнды тауарлар мен бағалы бұйымдарды түгендеу (тізімге алу), вагондарды санау және т.б. Бұл тәсіл статистакалық зерттеудің жетілген түрі болып саналады және одан алынған мәліметтер нақты, толық болып келеді.
Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Біздің қоғамымызда статистикалық мәліметтер негізгі есеп беру формаларын толтыру арқылы жиналады және ондағы көрсеткіштер экономика салаларында болып жатқан жалпы өзгерістерді толығымен, жан-жақты суреттейді. Сондықтан, статистика органдарына әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым міндетті түрде және белгіленген уақытта қажетті мәліметтерді тапсырады, ал олар оған талдау жұмыстарын жүргізеді.
Сұрақ-жауап арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мүмкіндік болмайды. Ондай кезде керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілдері қолданылады.
Статистикалық сұрақ-жауап тәсілі деп керекті мәліметтерді сұралушы адамдардың айтқандары бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына жазып алу арқылы жинауды айтады. Мысалы, халық санағы кезінде есепші санақ қағаздарын адамдардың өз аузымен айтқандары бойынша толтырады. Сұрақ-жауап арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі және оның экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақтық және өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар.
Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайындықтан өткен адамдар (санақшылар немесе тіркеушілер) сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, соңынан оны статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсіл тікелей халық санағын жүргізу кездерінде қолданылады және оған мемлекет тарапынан көптеген қаржы жұмсалынады. Сонымен қатар, бұл тәсіл қажырлы еңбекті қажет етеді және соған орай жиналған мәліметтердің сапасы өте жоғары болады.
Өзін-өзі тіркеу тәсілі. Бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері (есепшілер, санақшылар, тіркеушілер) сұралушыларға арнайы үлгіде даярланған сұрақ қағаздарын таратып береді, оны қалай толтыру керек екендігін түсіндіреді. Содан кейін толтырған бланкілерді жинап алады да, сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді, соңынан оны статистика органдарына тапсырады. Бұл тәсіл көбіне жұмысшылар мен қызметкерлердің отбасы бюджетін зерттеу немесе түрлі санақтар жүргізу кездерінде қолданылады.
Тілшілік тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Оның ерекшелігі сол, мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынған адамдардың мекен-жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауды байланыс бөлімшелері арқылы жібереді. Кейіннен толтырылған бланкілер келісімді мезгілде статистика мекемелеріне қайтарылады. Тілшілік тәсілмен мәліметтер жинауға жұмсалынатын шығындар басқа тәсілдермен салыстырғанда барынша аз болады және олар тез жиналады. Бірақ, камту деңгейі толық болмайды. Сонымен қатар, мұндағы жиналған мәліметтердің дұрыстығын сол жерде тексеруге ешқандай мүмкіншіліктің жоқ екендігіне байланысты, оның сапалық жағы басқа тәсілдермен салыстырғанда төмендеу болады.
Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті меліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, тол-тырылып қайтарылғандарының саны біршама аз және сапасы жағынан төмен болады. Себебі, кейбір сұралушылар сұрақ қағазыңда көрсетілген сұрақтардың жауабын дұрыс толтырмай, басқалай жауаптар беруі де мүмкін. Бұл тәсілдің ерекшілігі сол, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен-жайы көрсетілмейді.