Орындаған:Қамысбек Гүлзат Тексерген: Исаева А. Тобы: 5В011400-тарих



бет4/28
Дата07.02.2022
өлшемі4,7 Mb.
#83260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Орталық және Шығыс Азия халықтары

Экономикасы


Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрынғы дәстүрлі байланыстар үзіліп, ел экономикасына едәуір нұқсан келді. Бүгінгі таңда Қырғызстан нарықтық экономика жүйесіне көшуге талпыныстар мен әрекеттер жасауда. Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 2008 жылғы мәлімет бойынша 12 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, 12%-ы өнеркәсіп, ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі.
Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары электр энергетикасы, тамақ өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп, тірсті металлургия болып табылады. Электр энергиясын өндіру оңтүстіктегі Нарын өзені мен оның салаларында орналасқан СЭС тізбегіне негізделеді. Олардың ең ірісі—Тоқтағұл СЭС-і, жылына 4 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл салаға қазіргі кезде өте көп шетел және Ресей қаржысы жұмсалуда. Отын өнеркәсібі Ош және Жалалабад облыстарындағы қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырынан өндірілетін таскөмір негізінде өркендеуде.
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көлемі күннен-күнге артуда, жүн түту, кігіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сияқты салалары өркендеуде. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған. Тамақ өнеркәсібі жергілікті шикізатты өндеуге бағытталған.
Түсті металлургия, негізінен, сыртқа өнім шығаруға маманданған. Ош облысындағы Қадамжай комбинаты өндіретін сурьма халықаралық нарықта эталон ретінде бағаланады. Осы облыстағы Хайдарқан елді мекені жанындағы сынап кенінің маңызы аса зор. Мұнда қосымша қорғасын-мырыш концентраты алынып, одан әрі өңдеуге Қазақстанға жіберіледі. Жаңа іске қосылған алтын (Жалалабад облысындағы "Макмалалтын"), сондай-ақ қалайы (Ыстыккөл облысының оңтүстік-шығысы) комбинаттары шетелдік қаржы көмегімен ғана жұмыс істеуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет