Әрине Ақиқат жолымен жүруден Дұрыс әрекет туындайды, оның қағидаты - өзіңе де, өзгеге де табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін Табиғаттың моральдық және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.
Дұрыс мінез – құлық – бұл өз борышын және адамның қоғамдағы мәртебесіне қатысты міндеттемелерді орындауға байланысты мінез-құлық түрі әрі ар-ұяттың ішкі даусына сәйкес қылықтар.
Өзінің шынайы болмасын түсінуге негізделген Дұрыс әрекет адам өмірінің негізі болу керек. Тіпті күн сайын апта сайын бірнеше рет жасалатын шағын істердің өзі әдеппен орнығады.
Ә) Қанағат
Тілек – қалау адамды әрекет етуге интермелейді және оның өмірдегі амал-әрекетіне себепші болады. Тек тілек-қалауын тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді.
Б) Ыетымақтастық
Жастары, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге үйрену үшін оқушылар мектепке тәртіпке өзара сыйластыққа ынтымақтастыққа үйренеді.
В) Тәртіп
Тәртіп-адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сби кезінен бастау даруы керек.
Г) Парыз бен ризашылық
Әр адамның өз отбасы, өз қмірі сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.
Дұрыс әрекет мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады!
Әбу Насыр Әль Фараби
Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл....Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле....
Ахмед Иүгенеки
Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын уақытпен өзгермейтін құбылыс.
Бір ауылда жүрегі таза, адамгершіігі мол иманды тұрыпты. Елдің бәрі мерекеге дайындалып жатқанда етекші сырқаттанып төсек тартып қалады. Сөйтіп ол мерекені жалғыз көңілсіз қарсы алатынына қапаланады. Мерекені тойлайтын уақыт таянып қалғанда ол түсінде Данышпан қартты көреді; ол ақыры даусымен: “Сен маған келе алмасаң мен саған өзім барамын” – деді. Ұйқысынан оянған ол қуанып кетті. Таңертең ерте оянып, үй-ішін жинастырып мерекелік тағамдарды әзірлеп құрметті қонағын күтуге дайындалады. Осы сәтте ол терезенің адында жылап тұрған баланы көрді. Ол аланы үйге кіргізіп оған былай дейді:
Сен неге жылап тұрсың?
Бүгін менің жалғыз бәтеңкем жыртылып қалды, одан басқа аяқ киімім жоқ.
Жағасын алуға жағдайымыз келмейді. Сонда етікші баланы жұбатып былай дейді: “Келе ғой мен бәтеңкеңді тігіп берейін”. Аз ғана уақыттан соң жөнделген бәтеңкесін көрген бала қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап кетіп, аяғына киіп алады. Оны шығарып салған етікші өз жұмысын жалғастыра берді.
Кеш болды. Жұпыны киінген бір әйел келіп былай дейді.
Кешіріңізші мені, өтінемін. Мен сізге аяқ киімімді жөндеуге берген едім бірақ төлейтін ақшам болмай тұр. Келмеймін десем күн суытып барады. Етікші оған күлімсіреп жымиып:
Сіздің етегіңіз дайын тұр. Киіп ал да өзің тоздыр!одан ештеңе сұрамастан етігін бере салады.
Түн болды. Өз ісін аяқтаған етікші өзіне уәде берген қонағын күтуде. Ұйықтайтын уақыт та таяп қалды. Осы кезде есік қағылды. Есікті ашқанда бейтаныс жолаушыны көрді. Ол былай дейді:
Мені үйіңізге кіргізіңші? Мен күн ұзағына жол жүріп келемін. Қонатым жерім болмай тұр, түн жарымында ешкім есік ашар емес....
Етікші оны үйіне кіргізіп тамақтандырады, өзінің төсегіне жатқызады. Ал өзі еденде жатты. Ұйықтар алдында ол іштей өзіне:
Мүмкін мен бүгінгі күткен қонағыма лайық емес шығырмын, өйткені ол келмеді ғой”-деп ойлады да ұйықтап кетті.
Түсінде сол баяғы данышпан ата ақырын даусымен былай деді:
Мен бүгін саған үш рет қонаққа келдім, әр келгенде сен мені құшақ жая қарсы алдығ.
Сенің аяқ пейілің жаныңдағыларға деген риясыз сүйіспеншілікке толы жүрегің – баға жетпес сый. Сүйіспеншілік бастан немесе ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады. Өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң “Адам!” деген ұлы атқа лайықты жансың ұлым.