«Ұлттық заңнамамыз халық денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етіп отыр. Тәуелсіздік жылдары ана өлімі 5 есеге төмендеді. Бала өлімінің деңгейі де 64%-ға түсті. Әлем бойынша аумағы жағынан тоғызыншы орын алатын әрі қаншама халқы бар Қазақстан үшін демография және халық санын арттыру мәселесі тәуелсіздік алғалы бері ең өзекті басымдықтар қатарында қала беруде. Осы жерде мемлекеттік саясат елдің іші мен сыртында бейбітшілік пен қауіпсіздікті, әл-ауқаттың тұрақты артуын, әлеуметтік қорғауды, халықтың репродуктивті денсаулығын, білім беруді, жұмыспен қамтуды, мәдениет, қоршаған ортану қорғау, гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған»,- деп атап өтті Дариға Назарбаева. Сондай-ақ Мемлекет басшысының құттықтауында Қазақстанда халықтың денсаулығын қорғау, халықаралық стандарттар деңгейінде медициналық көмек көрсету - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып табылатындығын баса айтылған.