Орындаған:Әмірханова Ж. А. Қабылдаған: философия ғылымдарының докторы PhD,қауымдасқан профессор м а. Булешова а м


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру



бет3/14
Дата07.02.2022
өлшемі0,72 Mb.
#93725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Әмірханова Ж.№3

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етумен қатар, бірінші кезекте алғашқы медико-санитарлық көмекті, жеке медицинаны дамыту, медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті күшейтудің негізінде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.

Нормативтік құқықтық база:
  • Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі.
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
  • Аударымдарды немесе жарнамаларды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар немесе жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығы.
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығы.
  • Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығы.

1. Қордың:
1) өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қордың активтерінен комиссиялық сыйақы алуға;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардан сұратуға және алуға;
3) медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек тізбесін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерлерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға;
6) халық пен денсаулық сақтау ұйымдарының арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмысын жүргізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет