Саңырауқұлақтардың 70 %- да дамудың жыныстық фазасы тіркеледі, ал жыныстық даму кезеңінің аралығында саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен-45 вегетативті тəсілмен көбейеді. Жыныссыз жолмен дейтеромицеттер көбейеді. Бұл жолдың негізінде митоз жатыр, яғни мицелия гифаларының қарапайым бөлінуі жəне саңырауқұлақтың жыныссыз өнімдік құрылымы (анаморф) пайда болуы жүреді. Анаморфтарға артроспоралар, хламидоспоралар, конидиялар, жəне де оларды қалыптастыратын жəне ұстап тұратын құрылымдар (спронгиялар, конидияұстаушылар, өнімдік денешіктер, фиалалар т.б.) жатады. Аталған анаморфтар саңырауқұлақтардың жайылып өсуіне жəне қолайсыз жағдайда олардың сақталуына себепкер болады. Этиологиялық маңызы бар саңырауқұлақтарды идентификациялап зертханалық диагноз қою телеморфтар жəне анаморфтардың сипатын, соның ішінде құрылысының, мөлшерінің ерекшелігін, конидилар санын анықтау негізінде жүргізілетінін ескеру қажет. Анаморфтар мөлшері шамалы біржасушалы (микроконидиялар) жəне көпжасушалы (макроконидиялар) болуы мүмкін. Артроспоралар немесе таллоконидиялар кəдімгі гифалардың шетінде немесе екі жанында орналасатын септаланған гифалардың фрагменттері. Бластоконидиялар (бластоспоралар) аналық жасушадан ұрпақтық жасушаның бүршіктеніп көбею жолымен пайда болады, хламидиоконидиялар (хламидиоспоралар) мицелия ішінде гифаның шеңберленіп қалыңдауы жəне оның қалың қабатпен қоршалуы нəтижесінде пайда болады.