Қорытынды Саңырауқұлақтардың 70 %- да дамудың жыныстық фазасы тіркеледі, ал жыныстық даму кезеңінің аралығында саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен-45 вегетативті тəсілмен көбейеді. Жыныссыз жолмен дейтеромицеттер көбейеді. Бұл жолдың негізінде митоз жатыр, яғни мицелия гифаларының қарапайым бөлінуі жəне саңырауқұлақтың жыныссыз өнімдік құрылымы (анаморф) пайда болуы жүреді. Анаморфтарға артроспоралар, хламидоспоралар, конидиялар, жəне де оларды қалыптастыратын жəне ұстап тұратын құрылымдар (спронгиялар, конидияұстаушылар, өнімдік денешіктер, фиалалар т.б.) жатады. Ашытқының басқа саңырауқұлақтардан айырмашылығы ұзақ уақыт оттексіз тіршілік ете алады. Ашытқы саңырауқұлағы бүршіктену арқылы өте тез көбейеді. Бүршіктеніп көбею кезінде аналық жасушаның бір бүйірінен бұлтиып өсінді пайда болып, көлемі ұлғаяды. Ол өсінді аналық жасушасының мөлшерімен теңескенде одан əрі тағы да өсінді шығады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1. «Жеке микробиология», Алматы 2008ж. 2. «Медциналық мкробиология», Б.А. Рамазанова және Қ.Құдайбергенұлы 3 «Саңырауқұлақ алуан түрлілігі: 2,2 - 3,8 миллион түр». Саңырауқұлақ патшалығы. Микробиология спектрі. 5. 79-95 бет. (2017, Шілде) 4. «Табиғат микробиологиясы», 2 (8): 17120. 25 шілде 2017 ж. 5. «Эволюциялық биология: қайта қаралған патшалық», Алматы (қазан 2006).