Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979)- кеңес психологы, 20жж Выготский және Луриямен бірлесе отырып, психиканың қалыптасуның тарихи-мадени тұжырымдамасын жасаған. Кейіннен психикалық құбылыстарды іс-әрекет тұрғысынан қарастырған. Сананың пайда болуы мен психиканың дамуы саласындағы зерттеулерде көп үлес қосқан. Іс-әрекет құрылымы ретінде мақсат, мотив, іс-әрекет жағдайын сипаттаған. Өмірінің соңғы жылдары тұлғаны мотивациялы-мағыналық иерархия жүйесінде қарастырған. А.Н.Леонтьев іс-әрекет психологиясының негізін қалаушы ретінде әйгілі. Ол жеке адам мен іс-әрекетті ажырамас симбиоз ретінде қарастыруды ұсынған. Іс-әрекет иерархиясы (Леонтьев бойынша): қажеттілік, түрткі, эмоция, мағына, мәннен құралады. Тек Леонтьев жеке адам блғанда ғана нәтиже болатынын, жеке адам іс-әрекетті, ал іс-әрекет жеке адамды дамытатынын тұжырымдаған.