Арнайы мамандардың балаларды тексеруі: жылына 1рет педиатр бақылауы; офтальмолог,невропатолог,стамотолог,ортопед,отоларинголог 5жасында және мектепке барар алдында-көрсеткіштерге сәйкес..
Профилактикалық тексерістерде: баланың күн тәртібіне, тамақтануына,тәрбиесіне,мектепке дайындық шараларына, дене шынықтыруына назар аударылады.
Баланың жалпы жағдайына баға бергенде баланың физикалық дамуына,соның ішінде омыртқа бағанасына, майтабанның бар-жоқтығына ,көз және есту қырағылығын зерттеу, антропометриялық көрсеткіштерге, психикалық денсаулығына ( вегетативты статус,эмоциональды статус,психомоторлы тұрақтылық ) аранының жағдайы,тісінің , ішкі ағзаларының ( нерв-психикалық дамуы дені сау бала кабинетінде анықталады ) жағдайына назар аударылады.
Қосымша зерттеу әдістері: жалпы қан ,зәр талдауы және құрттарға талдау жасау, көру және есту қырағылығын анықтау, спиро және динамометрия жыл сайын, 5-6 жасында мектепке барар кезде төлқұжаттық жасы мен биологиялық жасын анықтау, артериялық қан қысымын 5 жастан бастап анықтау.
Негізгі алдын-алу және емдеу шаралары : тәрбие жәмысын ұйымдастыру,жасына сәйкес тамақтану, гимнастика,дене шынықтыру 5жасынан бастап мектепке баруға дайындалу.
Диспансерлік бақылаудың тиімділігін : психикалы және физикалық даму көрсеткіштері, клиникалық талдау нәтижелері мен аурулардың жиілігіне байланысты.