Кейіннен Чаадаев католицизм позициясына көшеді: табиғат пен қоғамда Құдай заңының үстемдігін негіздеп, объективті идеализмді ұстанды. Чаадаев адам дүниенің жалпы заңдарын жоғарыдан аян бермейінше аша алмайды деп есептеп, "қоғам дамуындағы құдайдың аян беруші шешуші рөлін" тұжырымдады. Осыған байланысты ол жер бетіндегі "құдайдың құдіретін" жүзеге асырудың басты құралы — адамды діни тәрбиелеу деп санады. Келешекте "құдайдың қүдіреті" теңдік, бостандық және демократия үстемдік ететін азаматтық қоғам арқылы көрініс береді деп сенді. Чаадаев пікірінше, тарихи процесс негізінде Құдай еркі жатыр. Христиандық -Құдай еркінің көрінісі. Христиандық - тарихтың (қозғаушы күші. Ал Россия, Чаадаев ойынша, әлемдік тарихи процестен шет қалды. Келешекте ол әлемдік тарихи алаңға қайта еніп, Батыстың құндылықтарын игерумен қатар, ғасырлар бойында қалыптасқан бірегейлігін үйлестіре отырып, жалпы адамзаттық өркениет шеңберінде өзінің тарихи миссиясын орындауы қажет. Тарихқа, мемлекеттер мен халықтар тағдырларына әсер ететін басты алғышарттардың бірі — география деп санады философ. Деспоттық самодержавие, орталық биліктің диктаты, крепостнойлық кұқық - Россия жерінің шексіз - шетсіз кеңістікке созылған үлкендігінде. Тарих мәселесі, Ресейді жарқын болашаққа апаратын тарихи жолды анықтау, таңдаумен "батысшылдар" мен славянофилдер айналысты. Батысшылдар сол заманға батыс философиясының дәстүрлерін (материализм, эмпиризм) жақсы игеріп, оларды орыс философиясына ендіруге тырысты.