Кәсіби біліктілікті арттыру – басты мақсат. Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.
Біздер, әрбір адам қоғамның дамуынан, қоршаған әлемнің, академик В.Вернадскийдің айтуынша, ноосфераның өзгерістерінен артта қалып келеміз. Сондықтан бұл мәселе әр адамның жасына, қызметінеқарамай, үнемі білім алу қажеттлігін арттыра түсетін фактор ретінде қарастырылады.
Осыған орай, мемлекетіміздегі білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы басты мәселе де “өмірлік білімнен – баршаға өмір бойы игерілетін білім ұстанымына” өту болып отыр.
Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі оқу жылы бірінші рет тамыз педагогикалық кеңестерін мұғалім мәселесіне арнап, “Егемен Қазақстанның мұғалімі: оның әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесі” деген тақырыпта өткізді. Мұғалімнің әлеуметтік беделі мен кәсіби мәртебесін көтеру қажеттігін алдымен білім беру және ғылыми қызметкерлерінің ІІ респуликалық сиезінде еліміздің Президенті Н.Назарбаев айтқан болатын.
Мұғалімнің кәсібилігі туралы әңгіме қозғағанымызда өте көп мәселелік сұрақтар туындайды. Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағалау қажет-ақ.
Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді мұғалім ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау – күрделі үрдіс.
Бүгінгі білім беру саласындағы көкейкесті мәселенің бірі – біліктілікті арттыру. Яғни біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа дидактикасын жасау.
Педагогика саласында “біліктілік” термині әр түрлі аспектіде, соның ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады. Н.Кузьмина“кәсіби біліктілік –іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттедегі кәсіби біліктілік – бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңа сараланатын, іс-әрекеттіңсубъектісіне, нақты мамандықөкіліне сапалы мінездеме мен баға беру” деп атап көрсетті.