Қорытынды Қолданылған Әдебиеттер Кіріспе



бет5/17
Дата21.10.2022
өлшемі168 Kb.
#154458
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ref 1388

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ, саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтарға тәуелді емес, тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясына бағынады.
Конституциялық кеңес былайша құрылады: төраға және екі мүшесін республика Президенті, екі мүшесін Сенат Төрағасы және екі мүшесін – Парламен Мәжілісінің Төрағасы тағайындайды. Олардан басқа, республиканың экс-президенттері Конституциялық кеңес мүшелерінің басым, көпшілік дауысымен шешіледі, ал дауыстар тең бөлінген жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Конституциялық кеңестің құзыры мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін қамтиды, бұл мәселелерді олар өз ұсыныстары бойынша емес, Конституцияда аталған органдар мен лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері бойынша қарайды. Олар: Президент, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір бөлігі және Премьер-министр. Конституциялық Кеңес мәселе дауға айналған жағдайда Президент, Парламен депутаттарының сайлауын, республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешеді; Парламен қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін Президен қол қойғанға дейін қарап шығады; республиканың халықаралық шарттарының Конституцияға сәйкестігін қол қойылғанға дейін қарап тексереді; Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді; Президентті қызметінен мерзімінен бұрын босату (ол өз міндеттерін орындай алмаған жағдайда) немесе оны қызметінен кетіру (мемлекетке опасыздық жасаған үшін) мәселелері қойылған жағдайларға қорытынды шешім шығарады.
Жағарыда көрсетілген мемлекеттік лауазымды тұлғалардан басқа, соттар да Конституциялық кеңеске мәлімдеме жасау субъектісі бола алады. Олар мұны өз құзырындағы істі қарау барысында, қолданылуға жататын заң немесе басқа нормативті құқықтық акт адам мен азаматтың Конституциямен бекітілген құқығы мен бостандықтарын кемітетініне көздері жеткен жағдайда істейді. Бұл жағдайда сот істі жүргізуді тоттатып, бұл актіні конституциялық емес деп тауып, Конституциялық кеңеске мәлімдеуі қажет.
Құзырлы органдар мен лауазымды тұлғалардың Конституциялық кеңеске жасаған мәлімдемесі өз-өзінен кейбір заңдық салдарлар тудырады: мәселен, Президент немесе Парламен депутаттары сайлауын жүргізудің дұрыстығын тексеру туралы мәлімдеменің жасалуы Президенттің қызметке кірісуін немесе Парламенттің сайланған депутатын тіркеуді тоқтатады, ал Парламен қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы жасалған мәлімдеме оған Президенттің қол қою мерзімін тоқтатады. Соңғы шешімді мәлімдеме жасалған күннен бастап бір ай мерзім ішінде (егер мәселе өте шұғыл болса, Президенттің талап етуімен бір айлық мерзім он күнге дейін қысқаруы мүмкін) Конституциялық кеңес шығарады. Олардың заңдық күші өте жоғары: егер заңдар және халықаралық шарттар Конституцияға сәйкес емес деп танылса, онда оларға қол қоюға болмайды, егер заңдар және басқа да құқықтық актілер адам мен азаматтың конституциялық құқылары мен бостандықтарын кемітеді деп танылса, онда олар алынып тасталынады және қолдануға жатпайды. Негізгі Заңның 74-бабының 3-пунктінде көрсетілгендей, Конституциялық кеңестің шешімі Республиканың бүкіл территориясында орындалуы міндетті ең соңғы шешім болып табылады және шағымдануға жатпайды. Сонымен бірге, Конституциялық кеңестің шешіміне тұтастай немесе ішінара Президенттің наразылық білдіру мүмкін: наразылық Конституциялық кеңес мүшелерінің үштен екі бөлігінің дауыс беруімен қанағаттандырылады (наразылық қанағаттандырылмаған жағдайда, Конституциялық кеңестің шешімі қабылданған жоқ деп саналады).
Конституциялық кеңестің жоғары мәртебесіне сай, оның төрағасы мен мүшелерінің құқықтары белгіленген: оларды өз өкілеттік мерзімдері ішінде тұтқындауға, айдап әкелуге, оларға сот тәртібімен әкімшілік шаралар қолдануға, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет