СОТ ЖҮЙЕСІ
ҚР-ның 2000 ж. 25-желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы” Заңды Қазақстандағы сот органдарын реформалау жөніндегі негізгі жетістіктерді дамытты. Президенттің “Қазақстан Республикасындағы соттар және соттардың мәртебесі туралы” конституциялық күші барЖарлығында көрсетілген дәстүрлі нормалар конституциялық заңнан өз көрінісін тапты. Олардың қатарында: Қазақстанда соттар лауазымын ауыстыру жүйесі; сот жүйесінің негізгі деңгейлері: аудандық және оған теңестірілген соттар; облыстық және оған теңестірілген соттар; ҚР-ның Жоғарғы соты, т.с.с. бар.
Конституциялық заңның негізіне сот билігін жүргізушілер ретіндегі сот жүйесінің және соттардың тәуелсіздігі алынған. Әділ сотты жүзеге асыруға бөгет жасауға және сотқа, қосымша заседательдерге қандай да бір ықпал етуге ешкімнің құқы жоқтығы заң жүзінде бекітілген.
Конституциялық заң ҚР-дағы сот жүйесінің біртұтастығын жария етті. Сот жүйесі Қазақстан Конституциясы мен заңдарында бекітілген барлық соттарға бірдей жалпы және біртұтас принциптерге негізделеді. Соттар зандылықты орындау барысында Республиканың әрекет етуші құқық нормаларын қолдануға міндеттенеді. Сот жүйесінің бірлігі, сондай-ақ, Қазақстандағы соттардың заңмен қатаң бекітілген біртұтас мәртебесіне және заңдық күшіне енген сот актілерінің республиканың бүкіл территориясында орындалуының міндеттілігіне зандық кепілдік берілуіне негізделеді. Заң барлық сот мекемелерін тек республикалық бюджеттен қаржыландыруға кепілдік береді. “Сот мекемелерін қаржыландыру... әділ соттың толық және тәуелсіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс”.
Конституциялық заңның 1-бабында Қазақстанда, заңда қаралған жағдайлар мен реттерде, сот жұмысына тартылатын қосымша заседательдер институтын енгізу мүмкіндігі туралы айтылған.
Қазіргі Қазақстанның қажеттілігіне қарай, Жоғарғы соттың, облыстық және оған теңестірілген соттардың құрылымы Конституциялық заңмен енгізіледі: облыстық және оған теңестірілген соттарда – бақылау коллегиясы, адамзаттық іс бойынша коллегия, соттардың біріккен коллегиясы; Жоғарғы сотта бақылау коллегиясы, азаматтық іс бойынша коллегия, қылмыстық іс бойынша коллегия, соттың біріккен отырысы жұмыс істейді. Жоғарғы сот құрамында әскери коллегия таратылды.
Жоғарыда көрсетілген сот органдарының құрамындағы «пленумның орнына «соттың біріккен отырысы» құрылды.
Жоғарғы соттың біріккен отырысы: сот тәжірибесін зерттейді және оның жалпы қорытындылары негізінде, республикадағы сот мекемелеріне түсініктеме беретін нормативтік қаулылар қабылдайды, т.б. Алғаш рет сот құрамында біріккен отырыстар жасалды. Облыстық сот мекемелеріндегі біріккен отырыстардың міндеттері анықталды. Республикадағы сот мекемелеріндегі шаруашылық және азаматтық істер коллегиялары біріктірілді. Аудандық және облыстық деңгейдегі соттар қызметіне кандидаттарды кокурстық негізде іріктеу шаттары бекітілді. Сондай-ақ, аудандық соттарға кандидаттарды байқаудан өткізу шарттары қарастырылған. Республикадағы соттарға қатысты тәртіптік шара қолдану құқығы: кез келген судьяға қатысы – Республика Жоғарғы сотының төрағасына, облыстық сот судьлялары мен коллегия төрағасының және аудандық сот төрағасы мен судьяларына қатысты – облыстық сот төрағасына берілген. Судьялар сот ісін қарау барысында заң бұзғаны және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ, судьялық әдепке жатпайтын қылықтар көрсеткені үшін тәртіптік жауапкершілдікке тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |