Бүгін үйрендім және көбірек білуді қалаймын. (Мұғалімге сұрақ)
Содан кейін мұғалімдерден осы әдістер бойынша сауалнама алынды. Мұғалімнің оқушылардың жұмысын бағалауы негізінен баға қою түрінде болуы керек деген сауалға қатысушылардың 35% "келісемін" десе, оқушылар үшін олар өз құрдастарымен салыстырғанда қандай деңгейде екенін түсіну маңызды деген сауалға 42%-ы “толық келісемін”, оқушылар өз жұмыстарын бағалауға тартылмауы керек деген сауалнамаға - 76%-ы "келіспеймін" деп жауап берген.
Сабақтың негізгі ой-түйіндерін әріптестерім кері байланыс кезінде өздері қорытып, ой түйді. Мұғалімдерімнің сабақ бойынша ойлары мені қанағаттандырды. Менің жұмысыма әріптестерім шығармашылық табыс, сәттілік тіледі.