түрінде болатын күрделіліктен тұруы шарт, сонымен қатар ол тек бір ғана
ойлау қызметіне тарту керек. Проблемалық сұраққа жауап беру үшін бұрын
15
Проблемалық дәрісті дайындау кезеңдері:
1. Дәрістің негізгі материалдарын іріктеу және талдау, мәселені шешуге
әртүрлі көзқарасты талқылау. Проблемалық зерттеу үшін білім алушылардың
өз бетінше анықталуы мүмкін себеп-салдарлық байланыстары бар
материалды алған дұрыс. Егер олардың алдына міндетті қойса, онда бұл
мәселеге тез қызығушылық тудырады.
2. Негізгі мәселелерді қалыптастыру және оларды проблемалық
жағдайға айналдыру жолдарын ойластыру. Бұл ретте проблеманың
күрделілік деңгейін, білім алушылардың дайындығы мен танымдық
мүмкіндіктерін ескеру қажет.
3. Проблемалық жағдайды шешу әдістемесін таңдау.
4. Дәрістік материалмен түпкілікті жұмыс жасау және оқушылардың
ойлауы мен жұмысын жандандыру тәсілдерінің табыстылығын болжау.
Проблемалық дәрісті өткізу кезеңдері:
1. Дәріс тақырыбы, мақсаты мен міндеттерін жариялау.
2. Проблемалық мәселені қою және диалог ұйымдастыру,
бейтараптықты сақтай отырып, оқушылардың түрлі көзқарастарын анықтауға
көмек көрсету. Қажет болған жағдайда оқытушы проблемалық жағдайды
талдауға және шешуге ықпал ететін барынша көп сұрақтар қояды.
3. Пікірталастың шебер режиссурасы: оқытушы «қолдаймын» және
«қарсымын» ауысып отыруын қадағалайды. Егер дәлелдер тек бір
көзқарастың пайдасына берілсе, онда проблемалық жағдайдың бұзылуы
орын алады.
4. Дұрыс емес ұғымды уақтылы және дұрыс теріске шығару, пікірді дәл
тұжырымдауға көмек көрсету.
5. Жауаптың әртүрлі нұсқаларын жалпылап салыстыру, құбылыстың
диалектикалық күрделілігіне баса назар аудару, қажет болған жағдайда
материалды проблемалық баяндау, қорытынды шығару.
Пікірталассыз проблемалық дәріс жүргізу мүмкін. Ол кезде оқытушы өзі
проблемалы материалды баяндайды, риторикалық сұрақтар, әр түрлі
бағалардың, фактілердің, пікірлердің қақтығыстары арқылы әңгімелеуді
барынша диалогтайды. Бұл ретте ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін, күрделі
құбылыстарды диалектикалық тану логикасы мен әдістемесін көрсетеді,
студентті мәселенің шешімін табу бойынша ойлау іс-әрекетіне тартады.
Проблемалық дәріс күрделі оқу материалын түсінуге және есте
сақтауға мүмкіндік береді, құбылыстарға жүйелі көзқарасты дамытуға ықпал
етеді, білім алушылардың ойлау концепциясын қалыптастырады.