2.2 Кейс-стади - проблемалық оқыту әдісі ретінде
Кейс-стади әдісінің шығу тарихы
Сase-study әдісі
немесе нақты жағдаят әдісі (ағыл.тілінен case – оқиға,
жағдаят) – оқытуға негізделген нақты жағдаятты (кейсті) шешу әдісі.
Нақты жағдайлар әдісі (Кейс-study әдісі) оқудағы ойын түрінде емес
жағдай барысындағы белсенді тәсіл қатарына жатады.
Кейс-study әдісінің тікелей мақсаты - жағдаятты студенттердің саралап
және топпен талқылаудың нәтижесінде оның тәжірибелік шешімін табу.
Кейстің шешімінің мазмұны ұсынылған алгоритмді бағалауға негізделген
және ұсынылған мәселенің мән мазмұнындағы ең дұрыс шешім.
Кейс-әдісінің негізгі міндеті - жүйелі түрде талдау жүргізу, мәселелер
және қабылдауларды дәлелді шешу.
Кейс-study
әдісі шет елдерде экономика және бизнес ғылым салаларын
оқыту барысында кеңінен қолданылады. Ең алғашқы рет бұл тәсіл оқыту
үдерісінде, 1870 жылы Гарвард университетінің заң мектебінде қолданылған;
ал бұл тәсілді Гарвардтың заң мектебіне енгізу 1920 жылы басталған еді. Ең
алғашқы рет кейс жинағы 1925 жылы Гарвард университетінің бизнес
жөніндегі есеп беру топтамасында жарық көрді.
Қазіргі уақытта кейс-стадидің екі классикалық мектебі бар: Гарвардтық
(Америкалық)
және
Манчестерлік
(Еуропалық).
Олардың
негізгі
айырмашылығы мынадай:
- Американдық кейтер көлемі жағынан үлкен: 20-25 бет мәтіні, сонымен
қатар 8-10 бет иллюстрациялары болады. Көбінесе жалғыз дурыс шешімді
табуды көрсетеді.
- Еуропалық кейтер американдыққа қарағанда 1,5-2 есе қысқа. Жалғыз
дурыс шешімі емес, бірнеше шешімі болады.
22 жоғарғы оқу орындарының қалауы бойынша 1973 жылы құралған
The Кейс Clearing House of Great Britain and Ireland кейстерді таратумен
жинақтаудың үздігі болып табылады; 1991 жылдан бастап ол European Кейс
Clearing House (ECCH) деп аталады. ECCH коммерциялы емес ұйым болып
табылады, бұл өзге елдерде орналасқан, кейстерді қолданып және тарататын
ұйым мүшелерімен байланысты. Нақ осы шақта ECCH –нің құрамына
шамамен 340 ұйым өкілдері кіреді, олардың құрамында The Business School
Publishing,
Лозаннадағы
менеджмент
дамыту
Институты
(IMB),
Швейцарияда, INSEAD, Франциядағы Фонтенбло, IESE Испаниядағы
Барселонада, Англиядағы Лондондық бизнес мектебі, оған қоса Кранфилдегі
менеджмент мектебінде. Әр бір осы айтылған ұйымдарда өзіндік кейс
топтамасы, оларды таратуға ECCH –ның құқығы бар.
17
Бүгінгі таңда Кейс-study әдісі білім беру жүйесінде үздік орынға ие, шет
елдің бизнес оқыту тәжірибесінде қарқынды түрде қолданады және
студенттердің қарапайым мәселенің шешімін табуға деген дағдысын
дамытып, оқытуға арналған ең тиімді тәсілдердің бірі болып саналады.
Осылайша Гарвардтық бизнес оқу уақытының 90 % -дан астам бөлігін нақты
кейстерді талқылауға береді, бизнес оқытудағы кейс-стади әдісінің маңызды
мазмұнын сақтайды. Гарвардтың орта статисткалық студенті немесе басқа да
кез-келген бизнес-мектебінің студенті өзінің осы мекемеде оқу барысында
жүзден астам кейс түрлерін жүзеге асырып «қалыптастырады».
Кейс-study әдісін жоғары кәсіби білім беру практикасына енгізу мәселесі
қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады, бұл екі үрдіске негізделген:
- біріншісі, білім беруді дамытудың жалпы бағыттарынан, оның нақты
білім алуға ғана емес, кәсіби құзыреттілікті, ойлау іс-әрекетінің дағдылары
мен іскерлігін қалыптастыруға, жеке тұлғаның қабілеттерін дамытуға
бағытталуынан туындайды;
- екіншісі, маманның сапасына қойылатын талаптарды дамытудан
туындайды, ол бірінші үрдістің талаптарын қанағаттандырудан басқа, әр
түрлі жағдайларда оң шешім табу қабілетіне ие болуы, дағдарыс
жағдайындағы іс-әрекеттердің жүйелілігі мен тиімділігімен ерекшеленуі тиіс.
Білім беру үрдісінде case-study әдісін қолдану оқытылатын пәндерге
танымдық қызығушылықты арттыруға, экономикалық заңдарды түсінуді
жақсартуға,
шешім
қабылдаудың
зерттеу,
коммуникативтік
және
шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Case-study әдісінің
ерекшелігі нақты өмірдің фактілерінің негізінде проблемалық жағдайды құру
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |