13
2. Проблемалық оқыту әдістері
2.1. Проблемалық оқыту әдістері мен түрлері
Педагогикада проблемалық оқытудың үш негізгі түрі бар:
1
.
Проблемалық баяндау
. Дәрістің монологиялық режимінде немесе
семинардың диалогтық режимінде оқу материалын проблемалық баяндау.
Оқу материалын лекцияда проблемалық баяндау мұғалімнің (оқытушының)
проблемалық мәселелерді, проблемалық жағ қоюды және оларды шешуді
іздестіруді көздейді; бұл ретте оқушылар тек қана шешім іздеу процесіне
ойша енгізіледі. Мысалы, "өсімдіктер өмірі туралы" дәрісінің басында: "неге
тамыр мен сабақ қарама-қарсы жаққа, яғни тамыр төмен, ал сабақ жоғары
өседі?" деген мәселе қойылады. Мұнда мұғалім дайын жауап бермейді,
ғылыми ізденістің мәнін ашады, гипотезаларды және алынған нәтижелерді
тексеру үшін жасалған гипотезалар мен тәжірибелер туралы хабарлайды.
Әдістегі баяндау формаларына проблемалық дәріс, әңгіме және әңгімелесу
жатқызылады.
Проблемалық
баяндау
немесе
проблемалық
мазмұндау
әдісі
орындаушылық қызметтен шығармашылық қызметке көшу болып табылады.
Оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар проблемалық міндеттерді өз
бетінше шеше алмайтын жағдайда болады, сондықтан мұғалім проблеманы
басынан аяғына дейін шешілу жолын баяндайды. Оқушылар мұндай оқыту
әдісі кезінде қатысушылар емес, бақылаушылар бола отырып, олар
зияткерлік қиындықтарды шешу үшін белгілі бір білімдер алады.
Достарыңызбен бөлісу: