«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата17.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#102105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫ

   

 

                                                   

 ©

 Қойлық Н.О. 

             

                                                             

©

 Каупенбаева С.М. 

                            

 

                                                      

 ©

 ҚР ББЖҚБАРИ, 2019  

 


 

 



 

МАЗМҰНЫ 

 

 



 

 

Кіріспе  



Проблемалық  оқытудың  теориялық-әдістемелік  негізі 



Проблемалық оқытудың мазмұны мен қажеттілігі 

 



1.2 

Проблемалық оқыту әдістемесінің ерекшелігі 



Проблемалық  оқыту  әдістері.    Проблемалық  оқыту 



әдістері мен түрлері 

 

13 



 2.2.  Кейс-стади - проблемалық оқыту әдісі ретінде  

16 


2.3 

Проблемалық оқытудағы жоба әдісін қолдану әдістемесі 

28 

 

Қорытынды  



42 

 

Қолданылған  әдебиеттер тізімі 



 

47 


 


 

КІРІСПЕ 

 

Өзінің болашақта қарқынды дамуы үшін және дамыған елдер қатарына 



кіруі  үшін  біздің  еліміз  өзінің  материалдық  әлеуетін  ғана  емес,  зияткерлік 

әлеуетін  де  жаңғыртуға  қабілетті  адамдарға  мұқтаж.  Мектеп  немесе 

университет  түлегі  өз  бетінше  ойлай  білуі,  нақты  әлемде  пайда  болған 

қиындықтарды  көре  білуі  және  оларды  тиімді  шешу  жолдарын  іздеуі, 

олардың алған білімін қайда және қалай қолдануға болатынын нақты түсінуі 

тиіс.  Қазіргі  таңдағы  білім  беру  жүйесі  білім  алушылардың  алдында  рухани 

құндылықты  тапсырмаларды  қою  және  шешу  барысында  ақпаратпен  өз 

бетінше  жұмыс  істеудің  шығармашылық  ізденушілік  дағдыларын  меңгеру 

міндетін қояды.  

Сондықтан  да  мұғалімдер  мен  оқытушылардың  алдында  білім 

алушыны қажетті білім құралдарымен қалай қаруландыру керек деген сұрақ 

тұруы тиіс.  

Проблемалық  оқыту  проблемалық  жағдайлар  жасау  арқылы  білім 

алушылардың  ойлау және мінез-құлық механизмдерін қосуды ұйымдастыру 

бойынша педагогтың мақсатты іс-әрекетін қамтамасыз ететін тәсілдер жүйесі 

болып табылады. 

Бүгінгі  білім  берудің  негізгі  міндеттері  –  білім  алушыны  белгіленген 

білім жиынтығымен қаруландыру ғана емес, оның өмір бойы оқу, командада 

жұмыс  істеу,  рефлексивті  өзін-өзі  ұйымдастыру  негізінде  өзін-өзі  өзгерту 

және  өзін-өзі  дамыту  қабілетін  қалыптастыру.  Аталған  дағдыларды 

қалыптастыруда  кез-келген  білім  беру  үдерісінде  проблемалық  оқыту 

технологиясы  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  технологияның  өзектілігі  оқу 

қызметіне  мотивацияның  жоғары  деңгейін  дамытумен,  оқушылардың 

танымдық  қызығушылықтарын  белсендірумен  анықталады,  бұл  туындаған 

қайшылықтарды  шешу,  сабақта  проблемалық  жағдайларды  жасау  кезінде 

мүмкін  болады.  Оқушылардың  жан-жақты  қиындықтарын  жеңуде  жаңа 

білімді,  іс-әрекеттің  жаңа  тәсілдерін,  іскерліктер  мен  дағдыларды  меңгеруге 

деген үнемі қажеттілік туындайды. 

Проблемалық  оқыту  әдістері  білім  алушылардың  эмоционалдық 

саласына да оң әсер етеді, балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту, 

олардың  даралығын  және  шығармашылық  ойлауын  дамыту  үшін  қолайлы 

жағдай  жасайды.  Сонымен  қатар,  мәселелерді  көре  білу,  сұрақтар  қою, 

гипотеза қою, ұғымдарға анықтама беру, бақылау және эксперимент жүргізу, 

қорытынды  және  ой-пікірлер  жасау,  материалды  жіктеу  және  құрылымдау, 

мәтінмен  жұмыс  істеу,  өз  идеяларын  дәлелдеу  және  қорғау,  өз  бетінше 

танымдық іс-әрекетке қабілеттілік, тез өзгеретін әлемде табысты болу және т. 

б. сияқты білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге әкеледі. 



 

Кез-келген  адам  баласы  өзінің  өмір  сүру  барысында  өз  алдына  өткір 



және  кезек  күттірмейтін  міндеттер  мен  мәселелерді  қояды.  Мұндай 

проблемалардың, қиындықтардың, күтпеген жағдайлардың пайда болуы бізді 

қоршаған  ортада  әлі  де  белгісіз,  жасырын  нәрселердің  бар  екенін  білдіреді. 

Демек,  әлемді  тереңірек  тану,  ондағы  барлық жаңа  жағдайларды  және  жаңа 

үдерістерді  танып  білу  мен  өз  кәсібіндегі  күтпеген  жағдайларды  шешуде 

проблемалық оқытудың маңызы өте зор деп айту болады.   Сондықтан уақыт 

талабына  сай  бағдарламалар  мен  оқулықтар  қалай  өзгерсе  де,  білім 

алушылардың  шығармашылық  және  ізденушілік  дағдыларын  қалыптастыру 

бүгінгі білім беру ұйымдарының негізгі міндеттердің бірі болып қала бермек. 



 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет