Әдебиеттер. № 1 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
Құстар қанша жыл тіршілік етеді?
Жерде қанша құстар бар?
Жерде құстардың қанша түрлері бар? Олардың әртүрлілігі дегеніміз не?
3 тақырып: Тауық тәрізділерді жүйелеу және түрлерін анықтау.
Мақсаты: Тауық тәрізділерді практикада ажырата алу, орманды мекендейтін басты құстар түрлерін айырып тану, олардың мекендеу ортасын бағалаудың практикалық дағдысын дамытып, меңгеру.
1 тапсырма. Тауық тәрізділердің түлеу ерекшеліктерін, олардың құс, аң аулау шаруашылықтарындағы рөліне теориялық зерделеу жүргізу.
2 тапсырма.Тауық тәрізділердің ұқсастығын, ерекшелік белгілерін; құрлар мен қырғауылдар тұқымдастарының биологиялық, қоректену ерекшеліктерін, қысқы экологиясындағы айырмашылықтарын, құрлардың қысқы мерзімге бейімделуін білу.
3 тапсырма. Тауық тәрізділер отрядының қазақша, орысша атауларын есте сақтап, Қазақстандағы негізгі аңшылық түрлерін, ауланатын тауық тәрізділер типтерін, оның ішінде құсойнақ кезіндегі аңшылықты және басқаларды атау керек.
Әдебиеттер. № 1 зертханалық сабақ соңында.