Қара терек (Рорulus nigrа). Биіктігі 30 метрге дейінгі ағаш, тез өседі, 150 жылға дейін жасайды. Жарық сүйгіш, аязға төзімді, тамыр жүйелері берік, жер асты сулары жақын ылғалды жерлерде жақсы өседі, аздаған мөлшердегі сортаңдылыққа шыдайды. Тұқымдарымен, сабақтарымен және тамыр қалемшелерімен көбейді.
Қазақстан аймағында кеңінен дерлік, әсіресе өзен жайымаларында тараған. Егіс қорғайтын ормандар өсіруде, жыралар, жолдар, су тоғандары бойында және көгалдандыру мақсаттарында ұсынылады.
Пирамида тәрізді терек (бәйтерек) (Рорulus ругаmіdalіs). 25-30 метрлік ағаш, тез өседі, 80-100 жылға дейін жасайды. Желегі жіңішке пирамида тәрізді. Cабақ қалемшелерімен жақсы көбейді. тамыр жүйелері жер бетіне тақау орналасқан. Жарық және жылу сүйгіш, сазды топырақтарда жақсы өседі. Қазақстанда табиғи түрінде кездеспейді, екпелерде оңтүстік пен оңтүстік-шығыста өседі.
Америка үйеңкісі (Асег пеgundo)- Биіктігі 20-25 метрге жететін ағаш, 10 жасқа дейін тез өседі, кейін өсуі кілт баяулайды. Тамыр жүйесі жер бетіне жақын орналасқан, өзі жақсы дамыған. Жарық сүйгіш, топырақ талғамайды, бірақ жеткілікті мөлшерде ылғалды жерлерді қалайды, сортаңды көтереді.
Өзінің топырақ және климат жағдайларына көнбістігі мен тез өсу қасиеттеріне орай Қазақстанда кеңінен таралған. Қорғаныш орман алқаптарына ілеспелі қосымша тұқымдас ретінде ұсынылады.
Татар үйеңкісі (Асег tаtагісum). 6-8 метрге дейін жететін кішгірім ағаш. Аязға берік, көлеңкеге шыдамды, құрғақшылыққа төзімді, топырақтарды көп талғамайды, сортаңды көтереді, бұта атпаларын мол береді. Қазақстанда қорғаныш екпе ағаштарында және өзінің сәнділігі арқасында көгалдандыру екпелерінде қолданылады.
Қара сексеуіл (Наlохуlоп арһуllum). 8 метрге дейін өсетін ағаш немесе тал-шілік. Тамыр жүйелері берік, 10-12 метрге дейін тереңдейді. Сортаңды жерде жақсы өседі, жер асты сулары жақын жататын ойпаң жерлерді жақсы көреді. Республикамызда құмды, сортаңды және тақырлы шөлдерде кеңінен таралған. Онда ол жайылым қорғайтын орман алқаағаштарын өсіруде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |