«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет19/28
Дата14.10.2022
өлшемі0,61 Mb.
#153051
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1)

Ұсақ жапырақты жөке ағашы (Тіlіа сочdаtа). 30 м биіктікке дейін өсетін ағаш тұқымдасы, көлеңке сүйгіш, суыққа төзімді, құнарлы сазды және құмдауыт топырақтарда жақсы өседі. Жан-жаққа таралған тамыр жүйелері тереңге бойлайды; тұқымдары және сұлатпа сабақтарымен көбейіп, берік тамыр атпалы өскіндерді береді. Қазақстанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста негізінен көгалдандыру екпелерінде кеңінен таралған, республиканың солтүстігі мен батысында аз мөлшерде кездеседі.
Кәдімгі шаған (Ғгахіпus ехсеllsіог Ь.). 30 метрге дейінгі ағаш, жарық, сүйгіш, суыққа салыстырмалы төзімді, аяздарда зақымданып, құнарлы, ылғалды топырақтарда ғана жақсы өседі. Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерлер мен жер асты сулары жақын жерлерде жақсы өседі, солтүстік облыстарда үсік шалады.
Жасыл шаған (Ғгахіпus viridis). 15-18 метрге дейін өсетін ағаш. Жарық сүйгіш. Кәдімгі шағанға қарағанда құрғақшылыққа өте төзімді болып келеді. Дала белдеуінде қысқа төзімді, еліміздің солтүстігіндегі қатал қыстарды да жеңіл өткізеді, бірақ ыстықты жақсы көрмейді. Қорғаныш орман алқаптары мен көгалдандыру мақсаттарында кеңінен қолдануға болады.
Бальзамды терек (Рорulus bаlsamіfега)- 30 метрге дейін өсетін ағаш тұқымдасы, жас кезінде өте тез өседі. Тұқымдарымен, көбінесе сабақ қалемшелерімен көбейеді. Жарық сүйгіш, аязға берік, ылғал мен топыраққа талғамды. Топыраққа тереңдеп бойлаған берік тамыр жүйелері бар. Солтүстік Қазақстандағы қорғаныш орман жолақтары және көгалдандыру екпелерінде 40 жасында ұштары қурап, ауруға ұшырайды.
Ақ терек (Рорulus а1ba) Ағаш биіктігі 25-30 м, тез өседі, 20 жасында 20-25 метрге жетеді. Тамыр жүйесі жақсы тармақталған, 4-8 метр тереңдікке дейін бойлайды және жанама тамыр жүйесі жақсы жетілген. Негізінен тұқымдары, тамыр қалемшелері және тамыр атпалары арқылы көбейеді. Сабақ қалемшелері тамырланбайды. Жарық сүйгіш, белгілі дәрежеде жылу сүйгіш, құнарлы әрі ылғалды топырақтарда жақсы өседі. Ұзақ су басуды көтереді. Орман мелиорациясында жыраларда, өзендер мен су қоймалары жағасындағы қорғаныш алқаағаштарында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет