Кәдімгі қарағай (Ріпus sіlvеstris) - 40 метр биіктікке дейін өсетін ағаш, 300-350 жылға дейін өмір сүреді. Жарық сүйгіш, аязға төзімді, топырақтарға аса талғамды емес, құмды, құмдауытты және тасты топырақтарда өседі, тез өсетін тұқымдастарға жатады. Құрғақшылыққа төзімді. Қазақстан аймақтарында табиғи солтүстік облыстардығы Қазақтың ұсаң шоқылары мен Ертіс бойында өседі. Өзінің қасиеттеріне сәйкес қарағай құмдарды бекіту және қалалар мен орман парктерінің жасыл зоналарын құруда басты тұқымдас болып саналады.
Сібір майқарағайы (Lагіх sіbігіса) - биіктігі 40-45 метрге дейін жететін, тез өсетін тұкымдас. 300-400 жыл жасайды. тұқымынан көбейді. Жарық сүйгіш, қысқы, аязға төзімді, саздақ топырақтарда, әк көп жерде жақсы өседі. Жазғы жоғары температураларды нашар көтереді. Табиғи түрде Шығыс Қазақстанда таралған, ал олардың қолмен өсірген екпе ормандары солтүстік обылыстарда кең тараған.
Қотыр қайың (Веtulа репdulа). Биіктігі 20-25 метрге дейін жетеді, тез өседі, 120 жылға дейін жасайды. Тамыр жүйелері берік. Жарық сүйгіш, аязға төзімді, топыраққа аса талғамы жоқ, бірақ ылғалдылығы орташа жерлерде жақсы өседі, құрғақшылықты нашар көтереді. Кесулерден кейін мол тамыр атпалық өскіндері береді. Табиғи түрде Қазақстанның солтүстігінде таралған. Қорғаныш ормандарын ылғалдылығы орташа құмды және сазды топырақтарда өсіру ұсынылады.
Жылтыр қарағаш (Ulmus Іаеvіs) - 15-20 метр биіктігі ағаш тұқымдасы, салыстырмалы түрде аязға төзімді, құрғақшылықңы берік, топырақтың аз мөлшерде сортаңдығын жақсы көтереді. Құнарлы топырақты қалағанымен, екпе түрінде әр түрлі топырақтарда кездеседі, ал сортаңды топырақта ол тез қурайды, көп өмір сүрмейді.
Жылтыр қарағашты республика аумақтарының оңтүстік обылыстарында ертеден өсіреді. Бұл жерлерде ол кең желек жайып, күшті күн сәулелерінен қорғаныш болады. Ол қорғаныштық орман өсіру мен көгалдандыру үшін ұсынылады.
Жатаған қарағаш (Ulmus рumіlа)- Негізінен қарағаш деген атпен белгілі. 30 метрлік биіктікке дейін өсетін 40-50 жас жасайтын ағаш тұқымдасы. Өзінің тез өскіштігі арқылы ерекшеленді, жылтыр қарағашқа қарағанда жылу сүйгіш әрі құрғақшылыққа, тұздануға төзімді, қызыл қоңыр топырақта жақсы өседі. Жас кезінде тез өсетін қабілеті бар, тамыр жүйелері топыраққа тереңдеп бойлап, өте жақсы жетілген. Ол республикамыздың барлық аймақтарында өседі, қорғаныштық орман өсіруде, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыруда кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |