Орман типологиясыныѕ ќўрылуы


Орманды басты қолдану және қалпына келтірудегі



Pdf көрінісі
бет23/29
Дата16.05.2024
өлшемі372,29 Kb.
#202398
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Байланысты:
168274 (1)

4.3.Орманды басты қолдану және қалпына келтірудегі
кесу жұмыстарының технологиясы.
Орман шаруашылығын жүргізу жұмыстары халық
шаруашылығының сұраныстарын толық қанағаттандыруы
керек, орманнан алынатын ағаштарды тиімді пайдалану және
т.б. Жанжақты қолдану, сақтау, орманның көптеген
ерекшеліктерін үлкейту: орта түзуші қорғаныстық, суды
сақтау, санитарлы-гигиеналық, эстетикалық және басқа да
орманның табиғи қасиеттері орман шаруашылық
жұмыстарын жүргізудің басты шарттары болып табылады.
Сонымен қатар, ормандағы тұқым құрамдарының жақсаруы,
жалпы экологиялық жағдайын көтерудегі жаңа технологияны
қолдану негізінде өнімділігін арттыру да маңызды орын
алады.
Орман шаруашылығында өндіріс еңбектерінің
жоғарлауы әрдайым экологиялық талаптарға сәйкес
қолданылатын
машиналар
және
механизмдер
комплекстерімен байланысты болуы керек. Сонымен бірге,
басты қолданыстағы кесу жұмыстарында көбінесе
ұжымдасқан кесу жұмыстарында ағаш сүректерін дайындау,
шығару кезінде орманның экологиялық жағдайына қауіп
төнеді. Ол ауқымды жұмыстарымен байланысты - ағаштарды


құлату, тасымалдау, және сортименттерді қалыптастырумен
олар орман орталығын сақтауға қауіпті жағдай жасайды.
Орман кесетін жерде күшті және ауыр тракторлар, құлататын
және бумалайтын зор машиналар жиналады. Сонымен
бұтақтарды кесетін, артатын, тасымалдайтын және т.б.
құралдар қолданылады, олар орманның қалыптасатын және
қорғау мағынасын бұзады. Орманды құру талаптары мен
орманды пайдалану жағдайлары арасында қайшылықтар
пайда болады.
Көптеген қайшылықтарды азайту үшін орман табиғатын
аз зақымдайтын машиналар мен механизмдерді қолдану
керек. Олар өзі өсетін және шаруашылықта құнды түрлерді
сақтап, орман топырағын бұзбауға мүмкіндік береді. Бұл
жағдайда технологиялық үрдісті дұрыс орындаудың маңызы
жоғары, өйткені өндірістік үрдістің негізі болып есептеледі,
және орман шикізатын дайындауда қолданылатын тәсілдер
мен әдістердің орны мағыналы болады.
Ағаш дайындау үрдісі үш негізгі кешеннен тұрады:
орманды кесу , орманды транспорттау және төменгі
қоймадағы жұмыстардан. Орман шаруашылығында ағашты
кесу жұмыстары үлкен орын алады. Бұлар ең негізгі
операцияларды (технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі
үзілмей бір жұмыс орнында жасалады, бір ғана жас бұтақ,
сортименттер жасалады) орындайды: ағаштарды құлату,
бұталарды кесу, кесу орнын тазалау, ағаштар мен бұтақтарды
тасымалдау (технологиялық үрдіске байланысты), ағаш
материалдарын сұрыптау, ағаштарды жинап қалау және ағаш
тасушы транспортқа жүкті арту. Бұл жұмыстар орманның
қоршаған ортасы өзгеруіне әсер етеді. Себебі топырақтың
тығыздалуы байқалады, шаруашылықта құнды тұқымдар
жойылады, тамырлар және өсіруге қалған ағаш діңдері
зақымданады және т.б. Орманның қоршаған ортасына мұндай
өзгерістер тегіс кесу жұмысы барысында енеді және жаңа
орман өсіргенде пайда болады, ал ескі орманның
экологиялық әсері жоғалады. Орманның қоршаған ортасының
өзгеруіне кесу кезінде орындайтын - ағашты құлату, сүректі


тасымалдау жұмыстары көптеп әсер етеді. Ал экологиялық
ортаның өзгеруінде бұтақтарды кесу, сүректерді ағаш тасушы
транспортқа тиеу аса маңызды емес.
Ағаштарды құлату технологиялық үрдістің алғашқы
операциясы болып табылады. Бұл ағаш түбін кесіп белгілі бір
бағытта құлатумен іске асырылады. Бұл тәсіл бұтақтарды әрі
қарай жақсартады, сонымен қатар бұтақтарды кесуді,
ағаштарды жинақтау және тасымалдау жұмыстарын
жеңілдетеді. Ағаштарды құлату жұмыстарының бастысы –
кесу, яғни бұл шараның барлық тәсілдерінде қолданылатыны,
бензинмоторлық шынжырлы кесу құралдары (МП-5, «Урал-
2», гидроклин, «Дружба-4», М-228, «Тайга-214», «Кронд-
202») . 
Ағаш дайындау жұмыстарының тәжірибесінде, яғни
тегіс кесуде, ағаш құлатуға арнайы технологиялық
жабдықтанған ағаш тасушы машиналар, бұл үрдістің толық
механизациясында кеңінен қолданылады. Мұндай машиналар
тек бір ғана операция орындауы мүмкін - ағашты құлату
(арнайы бір операциялық машина) немесе технологиялық
үрдістің бірнеше операцияларын (көп операциялы машина).
Қолданылуына байланысты бірнеше түрге ажыратылады:
құлатуға арналған машиналар, құлатып тасымалдауға , құлату
– бумалау, құлату – бұтақ кесуші және т.б. тегіс беттегі орман
ағаштарына қолданылатын машиналар. 
Құлату машиналары (ВМ-4 және т.б.) тегіс кесу
жұмыстарында үлкен ірі ағаштарды құлату үшін
қолданылады, әрбір ағаш қасына жақындай түскенде
өскіндерді де жойып жібереді. 
Құлату – тасымалдау машиналары (ВМ-4А, ЛП-17, ЛП-
49, ЛП-53 және т.б.) ағашты тек құлатудан басқа, оны буып
тасымалдаумен айналысады.
Құлатып – буатын машиналар (ЛП-19 және т.б.)
ағаштарды кесіп арнайы құралда немесе жерде оларды
жинақтау үшін қолданылады.
Ағаш кесуде негізгі технологиялық процесс ағаш
тасымалдау ісі болып табылады. Яғни ағаштарды,


бұтақтарды құлату жернен жүк арту пунктіне дейінге апару.
Тасымалдау жұмыстарына тракторлар, құлату – тасу
машиналары, т.б. машиналар қолданылады. Бумалар мен жас
бұтақтарды
жинауда
технологиялық
қамтамассыздандырылған арнайы тракторлар пайдалынады.
Тракторлар арасында ТДТ-55 және ТТ-4 кеңінен
қолданылады. Олар жылдың 4 кезеңіне де жарамды. Олар
ағаш қалдықтарынан, құлатпа үйінділерінен, түбірлерден
жасалатын кедергілерден оңай өтеді. 
Чокерсіз ағаштарды тасымалдауда гидроманипуляторы
бар тракторлар ТБ - 1 және ЛП-18 қолданылады, ондағы
көтерушінің ұзындығы 5,5 м. Бұл тракторларды құлату,
бумалау машиналарымен бірге қолданады. Мысалы ЛП-19
бен бірге.
Ылғалды топырақтарда, яғни батпақты ормандарда
ағаштарды тасу үшін ауыр жүк таситын шығырлы
қолданылады. Олар арнайы жабдықтармен қамтамассыз
етілген. 
Таулы жер ормандарында ағашты құлату үшін жазық
далада қолданылатын бензиндік араларын қолданады.
Жардың шатқалдығы 20%-ға дейін жерде ағаштарды
тасымалдау үшін жазық жерде қолданылатын тракторлар іске
қосылады. Ал топырақтың құндылығы аз және шатқалдығы
тік жерлерде арнайы қондырғылар қолданылады (ЛЛ-25, ЛЛ-
24, ЛЛ-26А, ЛЛ-26Б, ЛЛ-2 және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет