кесіп,оларды ағаш дақылдар арасына жатқызады, ал КОГ-2,3
жарықтандырушы катогі дақылдардың арасымен жүргенде
ағаштар мен талдарды жерге қарай майыстырып, диаметрі 5
см-ге дейін кесіп және біртіндеп бөледі.Жолақтық
тәсілмен
отырғызылған жас емендерде күту жұмыстарын жүргізгенде
роторлық РКР-1,5 кескіші қолданылады, ол жағымсыз
өсімдіктерді кесіп, ұсатып жаңқаға айналдырады.
Ормандағы технологиялық жолдарды дайындау үшін
(технологиялық құралдардың орналасқан және жүретін орны),
соқпақта таңдап кесу, ағаштар бумаларын қалыптастыру,
транспорттық жолға жақындатып және дайындауға
электрленген ЭЛХА
орман шаруашылық агрегаты
қолданылады. Ол агрегат өзі жүретін Т-16М шассиінде
орналасады және 2 электрлі арамен жабдықталған, олар
ағаштарды бұталар мен бұтақшалардан арылтады, сонымен
қатар оларды сортименттерге бөледі.
Жас дақылдарда сызықтық сирету жүргізу үшін бумалап-
кесуші РПР-1,ал таңдау кезінде кесуші комбайн КРМ-1
қолданылады. Өзі жүретін мотоагрегат СМА-1 сирек
қолданылады, ол арқылы қалыңдығы 2-18 см-ге жететін
ағаштарды кеседі.
Қысқа мөлшерлі сүректер мен шірпілерді тасымалдау үшін
тасымалдау құралын ТПР-1, тасымалдауға көмектесетін тросс
сүйрегішті ЛТ-400 және т.б. қолданылады.
Бұтақтар мен бұтақшаларды кесу үшін
бензин моторлы
бұтақ кесуші БС-1 қолданылады, оның көмегімен диаметрі 15
см-ге
дейін
өсетін
ағаштарды
кесуге
болады.Механикаландырылған контулы кесушіні қолдану
негізінде 2-4 метрлік ағаштар бойындағы бұтақтар мен
бұтақшаларды кесу үшін қолданылады.
Орта жастағы және пісіп қалған сүректерде сиректету,
сонымен қатар санитарлық, жолақтық кесулер қолданылатын
жерлерде машиналар қолдану жұмыстары жеңіл жүргізіледі.
Басты күтімдік кесулердегідей, оларды құлату үшін бензинді-
моторлы араларды қолданылады. Орманды тасымалдау үшін
сүректерді тасымалдауға арналған тракторлар, тасуға арналған
құрылғылар қолданылады. Сонымен қатар басты күтімдік
кесулердегідей машина мен механизмдер қолданылады.
Келешекте орманды тасымалдау үшін телескопты манипулятор
тасымалдауышы МТТ-10, гидроманипулятор ЛВ-184,ЛВ-185
қолданылады.
Орман күтімдік кесу жұмыстарына арналған технологиялар
және олардың орындалы барысы орман үшін маңызды рөл
атқарады. Күтімдік кесу жұмыстары ағаш бітімінің
тұрақтылығын
сақтап қана қоймай, оның бағалығын басты
қолдану жасына көтеру керек.Күтімдік кесулерге арналған
учаскелер магистральді және тасымалдаушы сүйретпелер өте
алатындай аралықтарға бөліну керек. Технологиялық
жолдардың ені 3-5 м-ден аспауы үшін, оларды орман
жолдарымен, визирлермен,
соқпақ жолдармен, табиғи
алаңқайлармен дәлдеу керек. Аналогиялық тәсілмен тиелетін
орындар дайындалады, олардың ауданы 0,20 га (40*50) аспауы
керек.Механикадандырылған бригада жұмыстары үшін
учаскелер ауданы өндірістің жағдайы бойынша анықталады: ең
бірінші таксациондық өлшем, тасымалдаудың орташа
аралығы, ол 500 м-ден аспауы керек, ең жақсысы ол 300 м.
Орманның күтімдік кесуіне арналған технологиялық
орманды кесу жұмыстары
ағаштардың бұтақтары мен
тамырларының аз зақымдалуын қамтамасыз ету керек.
Технологиялық орман кесу жұмыстарының орм ан өсірушілік
және экономикалық бағалығы және қолданылуы
технологиялық тордың басымен, санымен, параметрлерімен,
дайындалған және тасымалданатын шикізаттың түрімен,
техникалық құралдармен жағымсыз ағаштарды алып
тастаумен анықталады. Орман шаруашылық тәжірибесінде
технологиялық
сызбаларды қолданылады, оның негізгісі
аралықтардың ені, күтімдік кесудің және отырғылардың түрі
болып табылады. Олар арқылы күтім жүргізіледі: жалпақ,
орташа, жіңішке.
Достарыңызбен бөлісу: