Орманда үй хайуанаттарды бағудың жағымды және
жағымсыз жақтары бар. Біркелкі және үнемі малдарды бағу
орманның қайта жаңғыруына себепкер болады. Тұяқты
жануарлар топырақты қопсытып және оған тұқымның жақсы
енуіне , зиянды жәндіктерді өлтіруге және шөптегі,
топырақтағы кейбір зиянкестерді өлтіруге көмектеседі. Бірақ,
бірқалыпсыз орманда мал бағу орманды көп жағымсыз,
зиянды жағдайларға ұшыратады. Малдар топырақты
тығыздандырып, жапырақ, қылқандарды тістеп, ағаштарға
сүйкеніп, зиян келтіреді, ал бұл өз кезегінде шарушылық
үшін бағалы ағаштардың ауысуына әкеледі.
Орманда әрдайым қолайлы жағдайлар бола бермейді, кейбір
жануарлар ормандағы ара, көбелек, сары маса, маса, шіркей,
кенелерден зардап шегеді. Сондықтан үй жануарлары үшін,
яғни олар орманға аз зиян келтіргендей, оларға ереже
орнатылған: ірі мүйізді малдар бір бас үшін – 2 га, ал
кішкентайларға – 0,5 га.
Мал бағу үшін орман билеті ұсынылады. Жабайы өсетін
өсімдіктерді,
дәрілік
өсімдіктерді,
жемістерді,
саңырауқұлақтарды жинау және дайындау халық арасында
өте көп тараған, өйткені бұл өнімдерде бағалы азық-түлікті
және дәрілік қасиеттер бар. Өте бағалы жабайы өсімдіктерге
грек жаңғағы, жабайы алма мен алмұрт, бадам, таңқурай,
кедр тұқымдары, мүк қарақаты, қарақаты, қарақат, қой
бүлдірген, мүк жидегі, ит бүлдірген, қара жидек ағашы, пісте,
көк жидек жатады. Бұлардың көбі үлкен өнім береді.
Мысалы, көк жидек және мүк жидек өнімі 800-1000 кг/га
дейін, қара жидек ағашы – 1500-2000кг/га жетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: