шаруашылық экономикасының және орман өндірісінің
жұмыскерлерінің көңіл аударуын керек етеді.
Шайыр заттыларын алу үшін арнайы шикізат базасы қажет,
олар өз кезегінде қарағайлы отырындылар болу керек. Ресейде
шайыр заттыларын алу үшін шикізат базасында негізінен
піскен және тұрып қалған қарағайлы ағаш бітімдер, сонымен
қатар 40% бонитеті жоғары (I-III) қарағайлар да бар. Ондай
отырындылар, II және III орман топтарында орналасқан, ең
басты кесуге дейін шайыр заттылар алыну керек. Көбінесе
шайыр заттыларын алынуы 10 ж ішінде, кейде ұзақ мерзімге –
15 ж дейін созылады. Осы мерзімнен кейін қарағай ағаш
діңдері ең басты күтімдік кесулерге жатқызылады. Қысқа
мерзімдік шайыр алғанда (5 ж дейін) ағаштар ағаш
қабықтарымен қарқынды жабылады. Қарағайдан басқа,
самырсын, шырша, үйеңкі, балқарағай, және қайыңдарды
шайырландырып, майқарағай сағызын алады. Самырсынды
шайырлау қарағайды шайырлаумен ұқсас, ал шырша мен
балқарағайдың үлкен емес өлшемде кеседі, себебі, шырша
кесулерге өте сезімтал және тез ауырып қалды, сонымен қатар,
шайырды аз береді. Шыршалы сағыз скипидарды қарағайға
қарағанда аз береді. Кепкен шыршалы сағыздарды жинау
көбінесе тайгалық зонада жүргізіледі, егер са,ыз бұтақтың
сыртына кездейсоқ жарақаттар әсерінен шықса және ауада көп
уақыт болса, құрамындағы скипидарды жоғалтып, қатты
массаға айналады. Майқарағайдан сағыз алу үшін оның
қабығындағы түйіндерді жинау керек, өйткені оның ағаш
сүрегінде шайырлы жүрістер жоқ, олар тек қабықта және
қылқанда. 30-40 см биіктіктегі үйеңкіні және қайыңды
шайырлау үшін топырақ жоғарғы бетінен 3-4 см тереңдік
бойынша саңылау теседі, оған ағаш науа еңгізеді, олар арқылы
шырын шырынқабылдағышқа қарай ағады. Ол көбінесе
көктемде шығады және құрамында 2,5 дейін қант болады.
Достарыңызбен бөлісу: