Тірі бүркеме дақылдардың ішінде азықтық,
дәрілік, илік заттары бар өсімдіктер көп және
жануарларға көп азық береді.
Ағаштар қосылып екпелер қалыптастырады,
оның ішінде жаңа қосылыс пайда болады, ол
орман төсеніші - әр түрлі шіріген өсімдіктер
түсінділерінен орманда қалыптасқан топырақ
үстіндегі қыртыс. Өсімдіктер түсінділеріне
жатады – жапырақтар, қылқандар, бұталар,
жемістер мен қабықтар, ол жерді көптеген
жануарлар паналайды. Орман төсенішінің қоры,
қалыңдығы және құрылымы орман құратын
тұқымдардың түрлік құрамымен, ағаш бітімінің
жасымен, ағаштар биіктігімен, тірі топырақ
жамылышымен,
қазғыш
фаунаның
белсенділігімен
байланысты.
Төсенішті
топырақтың ормандық өсімдік қасиеттеріне
қолайлы әсер ететін фактор ретінде қарастыру
керек, өйткені қопсу мен құрылымын, жоғарғы
қабаттың ылғалы мен температурасын сақтауға
әсер етеді. Сұйық жауын-шашынды сүзіп
топырақтың қылтүтігін сақтайды. Сонымен қатар
төсеніш орман топырағына тыңайтқыш ретінде
қызмет жасайды.
Орман төсенішімен қатар орманда тамыр
жүйесі бар, ол бір өсімдіктің жер астындағы
табиғи күрделі құбылысы. Топырақта орналасу
сипатымен жер бетіндегі, терең орналасқан,
аралас тамыр жүйелерін бөледі. Ағаштар тамыр
жүйесінің көмегімен жерге бекиді, су мен
қоректік заттарды алады, алмасу заттарын
бөледі, қоректік заттардың артығын жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: