Дәріс 13. Орманды өрттен қорғау
Өрттің қозғалуына бөгеуіш жолақтар салынады және олар күрекпен, соқамен, фрезермен, топырақ лақтырғышпен, бульдозермен және жарылатын заттармен жүргізіледі. Өрт жиегінің алдына 30 м арақашықтықта одан топырақ жамылғысы және төсеніші ені орташа 1м алынады. Қатты желдерде және шашылғандықтан минералды жолақтың ені жанып жатқан материалдың 10 еселі биіктігіне жетеді. Оларды ені 30-40 см, тереңдігі 20-30 см етіп қазады.
Жару тәсілі, қиын, жасыл жолақтары жоқ аудандарда шлангілі зарядтар қолданады. Ені 2 ден 3,5 м дейін және тереңдігі 8 ден 20 м дейін минералды жолақ пайда болады.
Қыздырып босаңдату және өртті тәсіл дегеніміз келе жатқан өртке маңдайшөптің алдынан жанатын материал өртейді, оның ені 10 м дейін, ал жоғарыдағы өртпен күресу кезінде ені, 100-200 м дейін болу керек. Жоғарыдан өрттенетін өртпен төменнен өртенетін өртке қарағанда күресу өте қиын. Жоғарыдан өртенетін өрт сөндірудің тәсілдерінің бір элементі ол тіремесе бөгелетін жолақ құру. Мұны істеу үшін табиғи (бұлақ, өзен) және алдын ала дайындалған өртке қарсы тосқауылдарды қолданады. Жоғарыдан өрттенетін өртті сөндірудің техникалық негізгі әдістері ол қыздырып босаңдату, қарсы от шығару және сумен сөндіру. Авиация маңызды рөл атқарады, біріншіден ол қосалқы күш немесе өртті сөндіру үшін жабдықтарды, сұйықтықты лақтыру және жасанды жаңбырлармен өртті сөндіреді. Сібірдегідей және Қиыр Шығыстағыдай булы бұлттар көп болса, оларға арнайы жабдықталған пиропатронды ұшқыштармен енгізеді, пиропатронның құрамында йодты қорғасын болады. Оларды енгізгеннен кейін 10-20 мин кейін ақ жауын ретінде жаңбыр жауады, содан кейін өртте сөнеді.
Шымтезектегі өртті минералды топыраққа дейін қазу арқылы, сумен және өрт сөндіретін сұйықтықты шайқап оның жанып жатқан жерге шымтезекті оқпанын ТС-1 1,2м дейінгі тереңдікке мотолампаның МЛ-100 көмегімен сөндіреді.
Орманның өрттерінің жағымсыз нәтижелерін жою
Орман өрттерінің нәтижелері әр түрлі. Жоғарыдан өртенген өрттен кейін күйік қалады, барлық ағаштар жанып кетеді, ал көшетін өрттерден кейін – қу ағаштар қалады. Өрт кезінде бұтақтар жанып кетеді және барлық ағаштар өлмейді. Төменнен және шымтезекті өрттерден құлаған, сынған ағаш бұтақтары пайда болады және ағаштардың тамырлары зақымдалады. Мұндай жанулардың нәтижелерін шыршалы ормандарда көруге болады.
Орман өрті болған жерлердің ағаштарға тигізген орынсыз әсерлерін бірінші шаралармен қалпына келтіру керек. Күйген ағаштар ең қауіпті өрт туындауының факторы болып табылады, себебі қурап сынған ағаштар, қураған ағаштар, шайырланған ағаштар өте көп болады. Іскерлік ағаш сүректерінің техникалық қасиеттерін жоғалтады, отынға айналады, зиянкестермен саңырауқұлақ ауруларының таралу аймағы болып табылады. Сондықтан ағаш сүректерін уақытында қолданып, орманды емдеп, орман қайта қалпына келтірілу керек.
Бірінші кезекте қурап, сынған ағаштар, күйіктер өңделеді, өйткені құлаған ағаштар жермен әрекеттесіп, тез шіриді. Мұнда орман дақылдарын егу керек. Содан кейін қураған ағаштар игеріледі. Егер оларда табиғи жаңартулар ақырын өтіп жатса, онда мұнда да орман дақылдары егіледі.
Ағаш діңдерінде, яғни өлген ағаштарда (10% жуық) таңдаулы санитарлы кесулер немесе ормандағы күтімдік кесу жұмыстары жүргізіледі
Достарыңызбен бөлісу: |