Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме Жалпы ережелер



бет2/2
Дата06.12.2019
өлшемі81,73 Kb.
#53104
1   2
Байланысты:
Методика 147 каз


4-параграф. Биоалуандық
26. Қоғамды қоршаған ортаның жағдайы және оны қорғау туралы ақпараттандыру үшін оның ішінде биоалуандықты сақтау бөлігінде келесі негізгі көрсеткіштерді зерттейді:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

2) ормандар және өзге де орман көмкерген жерлер;

3) жоғалып кету қаупі бар түрлер және қорғалатын түрлер;

4) жекелеген түрлер санының өзгеру үрдістері және таралуы.

27. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсеткіші экожүйенің деградациясына әсер етуін және елдегі биоалуандықтың жоғалуын бағалауға мүмкіндік береді. Ол биоалуандықты мәдени мұраны, ғылыми зерттеулерді (осы аудандарда өтетін процестердің фондық мониторингін қоса алғанда), демалысты қорғаудың, табиғи ресурстардың және қоршаған ортаның басқа да бағалы компоненттерін сақтауға тиімді аудандарды тиісінше пайдаланбаудан дәрежесін қорғайтын дәрежесін сипаттайды.

Осы көрсеткіш ұлттық заңнамаға сәйкес қорғалатын жер учаскелерін, су бетін және оның үстіндегі ауа кеңістігін сипаттайды. Ол елдегі ерекше қорғалатын және оның елдің жалпы аумағындағы үлесін қамтиды. Қосымша осы көрсеткіш Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (бұдан
әрі – ТҚХО) ерекше мәртебесі бар табиғи аумақтарды санаттары бойынша немесе әрбір санаттың алаңын және пайыздық үлесін анықтау мақсатында, қорғау режимі бойынша ұлттық дңгейде қабылданған санаттарға бөледі. Гектармен (га) өлшенеді.

28. Орман және өзге де орман көмкерген жерлердің көрсеткіші орман жағдайын немесе елдегі орман көмкерген жерлерді бағалауды қамтамасыз етеді, оларды экологиялық мақсатта пайдалану үрдісін көрсетеді.

Осы көрсеткіш орман ресурстарын сандық және сапалық бағалауға мүмкіндік береді және ол орман және өзге де орман көмкерген жерлер арасындағы маңызды айырмашылықты жасыруы мүмкін орташа шаманы білдіреді, ормандардың және өзге де орман көмкерген жерлер алаңын, оның ел аумағына қатынасын, сонымен қатар орман және өзге де орман көмкерген жерлердің түрлі санаттарының пайыздық үлесін көрсетеді. Көрсеткіш гектармен өлшенеді. Ормандардың жекелеген санаттарының шағын алаңдарында өлшем бірлігі км2 болып табылады.

Көрсеткіштер ормандарды мемлекеттік есепке алуды жүргізу, аумақтарды тексеру, ормандарды кадастрлық тексеру, қашықтықтан зондылау әдістерін пайдаланумен немесе барлық әдістердің үйлесуі арқылы қалыптастырылады. Мұндай бағалау бес жылда бір рет өткізіледі.



29. Жойылып кету қаупі бар түрлердің және қорғалатын түрлердің көрсеткіші жоғалып кету қаупі бар түрлердің мөлшері және саны тұрғысынан алғанда биоалуандықтың жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, ұлттық және жаһандық биоалуандықты сақтау бойынша елдегі қабылданатын
іс-шараларының тиімділігін айғақтайды.


Осы көрсеткіш ұлттық және жаһандық деңгейлерде жоғалып кету қаупі бар, сондай-ақ елде қорғауда болатын түрлік топтары бойынша түрлерінің санын және популяциясының санын сипаттайды. Өлшем бірлігі ретінде бірліктердегі түрлердің саны және ересек дарақтардың саны, трендтер үшін пайыздық көрсеткіш пайдаланылады.

Деректерді жинау негізі ретінде жоғалып кету қаупі бар түрлердің және жаһандық деңгейде жоғалып кету қаупі бар түрлер үшін әзірленген қорғалатын түрлердің тізбесі болып табылады. Жоғалып кету қаупі бар түрлердің саны және қорғалатын түрлер саны сәйкес келмейді, себебі қорғалатын түрлерге сирек кездесетін түрлер және тиісті көпжақты табиғи қорғалатын келісімдер шегінде қорғалатын түрлер немесе олардың ТҚХО «Қызыл тізімінде» бар болуы себебінен жоғалып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер кіреді. Түрлердің саны түрлердің топтары бойынша есептеледі (жан-жануарлар: омыртқасыздар, тұщы су балықтары, рептилиялар, қосмекенділер, құстар және сүтқоректілер; түтікше өсімдіктер; балдырлар; қыналар және саңырау құлақтар). Әрбір түрлік топ бойынша бағалау бес жылда бір рет жүргізіледі.



30. Жекелеген түрлердің таралуы және санының өзгеру үрдісінің көрсеткіші жекелеген түрлердің популяциясының жағдайын бағалауға, биоалуандықты сақтау үшін қолданылып жатқан шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Осы көрсеткіш маңызды ресурстық мәні бар және биоалуандық («жекелеген түрлер») тұрғысынан маңызды рөл атқаратын түрлік топтарға жататын фауна және флора өкілдері популяциясының жағдайын сипаттайды.

Көрсеткіш белгілі бір аудан аумағындағы жекелеген түрлердің санындағы өзгерістерді көрсетеді (ел, өңір немесе арнайы бөлінген аудан). Ересек дарақтар санымен немесе осы нақты аудандағы көптігінің өзге де тиісті көрсеткішімен өлшенеді.

Мониторинг бағдарламасын әзірлеу кезінде мынадай «жекелеген түрлер» қарастырылады:

Негізгі түрлер: таксондар, оның экожүйеге немесе қоғамға зерттелген әсері олардың көптігіне қатынасы бойынша пропорционалды емес болып табылады. Осы түрлерді жоғалту осы экожүйедегі басқа түрлер популяцияларының шамасына біршама жағымсыз әсерін тигізеді және басқа түрлерді жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін («каскадтық әсер»).

Халықаралық маңыздылыққа ие түрлер: елдегі популяциясы олардың жаһандық немесе еуропалық масштабтағы санында айтарлықтай үлесті құрайды.

Маңызды түрлерге: жалпы елдегі азаматтар үшін немесе оның өңірлері үшін ауыспайтын құндылықты (мәдени-тарихи) білдіретін таксондар жатады.

Сан тренділері көбінесе циклдік ауытқулар жиынтығы бойынша анықталады. Олар тіршілік ету жағдайының, биологиялық ресурстарды қорғау және тиімді пайдаланудың жиынтығын көрсетеді. Әр түр үшін көрсеткіш бөлек есептеледі. Бақылаудың аумақтық бірліктеріндегі абсолюттік немесе салыстырмалы саны ғана бар (әкімшілік аумақтық бірліктерде немесе жеке қорықтар және ұлттық саябақтардағы) түрлер үшін әр аумақтық бірлік үшін есептеуді бастау нүктесі болып мониторинг енгізілген жылғы санды бағалау болып табылады.

Түрлері бойынша жабайы аңдар мен құстардың саны туралы деректер жыл сайынғы әкімшілік деректер негізінде қадағаланады және қалыптастырылады.



5-параграф. Жер ресурстары
31. Жер ресурстарын қорғау статистикасының негізгі міндеті жер ресурстарын бірінші кезекте зиянды заттармен (өнімдермен) ластаудан қорғау, тиімсіз пайдалану немесе тікелей мақсатта пайдаланбау деңгейі (дәрежесін), жерді пайдаланудың өзге де заңсыз тәсілдерін, бұзылған жерлердің рекультивациясын және қалпына келтіруді сипаттайтын ақпаратты жинау, жинақтау және жариялау болып табылады. Келтірілген зиянды есепке алу, су және ауа эрозиясымен, дефляциясымен, су басумен және батпақтанумен, сортаңдану және басқа осыған ұқсас процестермен күрес жөніндегі жұмыстар қамтылады.

Қоғамды жер ресурстарының жағдайы және оларды қорғау туралы ақпараттандыру үшін мынадай негізгі көрсеткіштер зерттеледі:

1) өнімді айналымнан жерлерді алу;

2) топырақтың эрозиясына ұшыраған, аудандар.

32. Өнімді айналымнан жерлерді алу көрсеткіші қоршаған ортаға әсерін сандық бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және табиғи және жартылай табиғи жерлерді салынатын аумақтарға тарату үрдісін сипаттайды.

Көрсеткіш көлік инфрақұрылымына, құрылысқа, қалдықтар полигондарына, қоқыс үйінділеріне, қалдықтар қоймаларына және елдегі бос жыныс үйінділеріне, алынған жерлердің алаңы ретінде анықталады. Гектармен өлшенеді.

Көрсеткіш елдің жалпы алаңына қатынасы бойынша көлік инфрақұрылымына, қала құрылысын салуға және қалдықтар полигонына, қоқыс үйінділеріне, қалдық қоймаларына және бос жыныс үйінділеріне пайдаланылатын жердің әр түрлі түрлерінің орташа өзгерісін және пайыздық үлесі ретінде қалыптастырылады.

Көрсеткішті қалыптастыру кезінде ұлттық және халықаралық деңгейлерде жерді пайдалану туралы ақпараттың сапасын жоғарылату мақсатында жіктеу жүйелерін және деректер қорын келісу бойынша жұмыс істейтін БҰҰ ААҰ әдістемелік әзірлемелері пайдаланылады. Бұл қызмет жер пайдалану туралы ақпаратты қамтитын, жер пайдаланудың жіктеу құрылымының кең негізінде келісілген анықтамалар мен хаттамаларды, деректердің автоматтандырылған базасының құрылымын әзірлеуге бағытталған.



33. Топырақ эрозиясына ұшыраған аудандар көрсеткiші олардың жел және су эрозиясына ұшырау дәрежесі тұрғысынан алғандағы жер алқаптарының жағдайын бағалау мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

Деректерді жинау жерлердің (ішкі су айдындарымен немесе толысу суларымен жабылатын аумақтарды қоспағанда) және ауыл шаруашылығы жерлерінің (жекелеген фермерлік құрылыстар, аулалар және оларға жалғай салынған құрылыстар алатын жерлерді, сондай-ақ өңделмейтін үлкен емес жер телімдері, керітпеш жерлер, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар, траншеялар, қорғау жолдары және жол жиектері сияқты уақытша өңделмейтін жерлерді есепке алумен) жалпы ауданы бойынша бөлек жүргізіледі.

Желдік және су эрозиясы (жазықтық шаю, су шайған жерлер мен жыралар) топырақтың таза ысырабы ретінде бағаланады және төрт санаттың біріне жатқызылады: болмашы, бірқалыпты, маңызды және өте маңызды. Көрсетілген төрт санат деградацияланған жерлердің жалпы алаңының көрсеткішін толықтыруы мүмкін. Топырақ эрозиясының көрсеткіші кемінде бес жылда бір рет бағаланады.

6-параграф. Ауыл шаруашылығы
34. Қоғамды ауыл шаруашылығынан ластану бөлігінде қоршаған ортаның жағдайы және оны қорғау туралы ақпараттандыру үшін мынадай негізгі көрсеткіштер зерттеледі:

1) минералдық және органикалық тыңайтқыштарды себу;

2) пестицидтерді себу.

35. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды себу көрсеткіші тыңайтқышты себу арқылы қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік береді (топырақтағы биогенді заттардың артық мөлшерінің жинақталуы, осымен негізделген беткі және жер асты суының ластануы, сондай-ақ биогенді элементтердің трофикалық тізбектер бойынша миграциясы және олардың қоршаған ортаның басқа кешендеріне енуі).

Көрсеткіш өңделетін жерлердің және көпжылдық екпелер алаңының бірлігіне себілген минералдық және органикалық тыңайтқыштардың мөлшерін көрсетеді. Минералды тыңайтқыштар үшін гектарға килограммен және органикалық тыңайтқыштар үшін гектарға тоннамен есептеледі.

Ауыл шаруашылығында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану туралы зерттеумен ауыл шаруашылығының дақылдарын өсірумен айналысатын және көп жылдық екпелері, шабындықтары және жайылымдары бар барлық заңды тұлғалар қамтылады. Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша деректер алу үшін шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында тыңайтқышты пайдалану бойынша іріктемелі байқау өткізіледі. Көрсеткіш жыл сайынғы кезеңділікпен қалыптастырылады.

Минералды тыңайтқыштар мөлшерінің көрсеткіші қоректік заттардың құрамын 100%-ға қайта есептеуде қалыптастырылады. Қоректік заттар құрамының пайызы туралы деректер, әдетте, шоттардан, төлем талаптарынан және сертификаттардан алынатын – жабдықтаушы зауыттардың, бөлімшелердің, базалардың, қоймалардың ілеспе құжаттарында болады.

Күрделі тыңайтқыштар бойынша (мысалы, нитрофоска) нақты салмақта тыңайтқыштарды екі рет есепке алуға жол бермеу үшін нақты салмақтағы тыңайтқыштардың мөлшері азот тыңайтқыштар бойынша ғана, ал сіңімділерде – азот, фосфор және басқалар бойынша көрсетіледі.

Органикалық тыңайтқыштардың тобы бойынша көңді, әртүрлі қордаларды, органикалық-минералдық қоспаларды, құстардың саңғырығы және басқаларды себу қадағаланады.

Ауыл шаруашылығында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану бойынша деректерді қалыптастыруды СК ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша жүзеге асырады. Бұдан басқа, іріктемелі байқау әдісімен шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында минералдық және органикалық тыңайтқыштардың пайдалану көлемі анықталады.



36. Пестицидтерді себу көрсеткіші пестицидтерді пайдалану қарқындылығы тұрғысынан алғанда қоршаған ортаға әсерін өлшеуге мүмкіндік береді.

Көрсеткіш ауыл шаруашылық жерлері алаңының бірлігіне себілген пестицидтердің жалпы мөлшері ретінде анықталады. Гектарына килограммен өлшенеді.

Деректер сатылатын пестицидтердің (сату көлеміне) мөлшеріне сүйене отырып есептеледі. Пестицидтердің шығыстары жыл сайын бағаланады. Инсектицидтерді, гербицидтерді, фунгицидтерді және басқа топтарды жеке бөле отырып, топтар бойынша пестицидтердің шығыстары туралы деректерді жинау жүзеге асырылады. Бұл ретте бар белсенді компоненттер санына ғана негізделген қоршаған ортаға пестицидтердің әсерін талдауды толық деп санауға болмайды. Себу тәсілдері, климат, жыл маусымы, сондай-ақ топырақ типтері және өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары сияқты факторларды ескеру маңызды.

7-параграф. Энергетика
37. Қоғамды энергетикадан ластану бөлігінде қоршаған ортаның жағдайы және қорғау туралы ақпараттандыру үшін СК мынадай негізгі көрсеткіштерді қадағалайды және жариялайды:

1) энергияны түпкілікті тұтыну;

2) энергияны бастапқы тұтыну;

3) ЖІӨ энергосыйымдылығы;

4) электр энергиясы өндірісінің жалпы көлеміндегі жаңғыртылатын энергия көздері өндірген электр энергиясының үлесі.

Энергетика статистикасы көрсеткіштерін СК халықаралық стандарттарға және ұсынымдарға сәйкес қалыптастырады.



8-параграф. Көлік
38. Көлiктiң автомобиль, теңiз, iшкi су, темiржол және әуе түрлерiн қамтитын көлiк кешенi атмосфералық ауаны ең iрi ластағыштардың бiрi.

Қоғамды көліктен ластану бөлігінде қоршаған ортаның жағдайы және оны қорғау туралы ақпараттандыру үшін СК мынадай негізгі көрсеткіштерді қадағалайды және жариялайды:

1) жолаушы айналымы;

2) жүк айналымы;

3) пайдаланылатын отынның түрлерi бойынша бөліністегі автокөлiк құралдары паркінің құрамы;

4) автокөлiк құралдары паркінің орташа алғандағы құрылған жылы.

Көлік статистикасы көрсеткіштерін СК халықаралық стандарттарға және ұсынымдарға сәйкес қалыптастырады.

9-параграф. Қалдықтар
39. Қоршаған табиғи орта сапасының нашарлауымен байланысты өзекті мәселелердің бiрі қалдықтарды тиімсіз, экологиялық қауiптi және ұйымдастырылмаған орналастыру болып табылады.

Қоғамды қоршаған ортаны қорғау және оның жағдайы туралы қалдықтардың пайда болуы және оларды жою бөлігінде ақпараттандыру мақсатында мынадай негізгі көрсеткіштерді зерттейді:

1) қалдықтардың пайда болуы;

2) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау;

3) қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану;

4) қалдықтарды түпкілікті жою.

Көрсеткіш елде пайда болатын қалдықтардың көлемін көрсетеді,
сондай-ақ ЖІӨ бірлігіне және экономикалық қызмет түрлері (өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтар) бойынша бөлінісінде және зиянды әсері (қауіпті қалдықтар) бойынша қалдықтардың жалпы көлемін көрсетеді. Тоннамен өлшенеді.

Қалдықтардың пайда болуының жалпы көлемінің қарқындылығы тұрақты бағалардағы ЖІӨ бірлігіне килограммен көрсетіледі (АҚШ долларында, сондай-ақ ұлттық валютада), ал қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болу қарқындылығы халықтың жан басына шаққандағы кг немесе м3 өлшенеді. Сонымен бірге көрсеткіш өндірілетін өнімнің бірлігіне (тонна, кВт-сағат және т.б.) пайда болған қалдықтардың (кг) бірлігінде көрсетіледі.

Алғашқы өнімдер (нарық үшін өндірілетін өнімдер) болып табылмайтын, кәсіпорында пайда болған, алдағы уақытта өндіріс, қайта өңдеу немесе тұтыну мақсаттары үшін пайдаланылмайтын, жоюға жататын материалдар қалдықтар деп есептеледі. Бұларға олар пайда болған объектіде тікелей қайта өңделетін немесе қайта пайдаланылатын қалдықтар, сонымен қатар су объектілеріне ақаба сулармен және атмосфералық ауаға түсетін ластағыш заттар жатпайды.

Өнеркәсiптiк қалдықтарға негізінен кен өндiру өнеркәсiбінде, өнеркәсiптің өңдеу салаларында, сонымен бiрге энергетика және құрылыс секторларында пайда болатын қалдықтар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың полигондарына шығарылатын өндiрiс қалдықтары есептілікте олар пайда болған экономикалық қызметтің тиiстi түрлерi бойынша бөлінеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтар барлық жиналатын тұрмыстық қалдықтарды, сонымен бiрге қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметі қызмет көрсетпейтiн аумақтардан тұрмыстық қалдықтардың есептi санын қамтиды. Әдетте, үй шаруашылықтарында пайда болатын қалдықтарды және шағын кәсiпорындарда, офистік ғимараттарда және мекемелердегi (мектеп, аурухана, әкiмшілік ғимараттары) коммерция және сауда салаларында,
сондай-ақ бiрге көшелерді жинаудан пайда болатын оларға ұқсас қалдықтарды және қала қоқыстарын қамтиды.


Қалдықтардың пайда болуының жалпы көлемi өнеркәсiптiк қалдықтар, басқа да шаруашылық қызметі (мысалы, ауыл және орман шаруашылықтары) кезінде пайда болатын қалдықтар және қатты тұрмыстық қалдықтардың жиынтығы ретінде есептеледі.

Қатты тұрмыстық қалдықтар және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы деректерді СК жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар негізінде қалыптастырады.

40. Қауiптi қалдықтардың трансшекаралық тасымалдау көрсеткiші қауiптi қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын сипаттайтын қозғаушы күштердiң көрсеткiшi болып табылады. Қауiптi қалдықтарды елден шығару көлемiнiң өзгеру үрдістері, бар қауiптi қалдықтарды азайту және оларды елдiң iшiнде қайта өңдеу мен қайта пайдалану қажеттiлiгі туралы көрсетедi.

Уытты, жарылғыш қаупі бар, тотығатын, коррозиялық, өрт қауіпті, тітіркендіргіш әсер ететін, тератогендi, мутагенді, канцерогендi, экоуытты және жұқтырғыш қалдықтар қауiптi қалдықтар деп танылады. Жылына тоннамен есептеледі.

41. Қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану көрсеткіші қайта пайдалануға ұшырайтын барлық қалдықтардың немесе нақты санаттағы қалдықтарының үлесін көрсетеді.

Қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану – ресурстарды тұрақты пайдаланудың маңызды компонентi. Бұл көрсеткiш қатты қалдықтарды басқарудың маңызды компонентi болып табылады.

Көрсеткiш қайта өңделетін және қайта пайдаланылатын қалдықтардың көлемiн және оның экономикалық қызмет түрлері бойынша (өнеркәсiптiк және қатты тұрмыстық қалдықтар) және зиянды әсері бойынша (қауiптi қалдықтар) тұтастай елде пайда болатын қалдықтардың жалпы көлемiне пайыздық қатынасын көрсетеді. Тоннамен өлшенедi.

Қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану көрсеткiшi барлық қайта өңделетiн және қайта пайдаланылатын қалдықтардың немесе нақты санаттың қайта өңделетiн және қайта пайдаланылатын қалдықтарының санын барлық пайда болған қалдықтар және нақты санаттың пайда болған қалдықтарының жалпы санына бөлу арқылы алынады, нәтиже пайызбен көрсетіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтар үшiн қайта өңделетiн және қайта пайдаланылатын қалдықтардың үлесін қайта өңделетiн және қайта пайдаланылатын компоненттерiнiң, мысалы, металдардың, пластмасса, қағаз, шыны, тоқыма немесе органикалық материалдар пайызы түрінде көрсету қажет.

СК қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату көлемдері туралы деректерді өнімдерді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және жөнелту туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша қалыптастырады.

42. Қалдықтарды түпкілікті жою көрсеткіші қоршаған ортаға әсерін және қалдықтарды басқару (ден қою) жүйесiнiң тиiмдiлiгiн есепке алу дәрежесін өлшеуге мүмкіндік береді.

Көрсеткiш оларды рұқсат етілген полигондарда көму арқылы немесе өртеу арқылы (энергия алусыз) түпкілікті жойылған қалдықтардың көлемiн және оның экономикалық қызмет түрлері бойынша (өнеркәсiптiк және қатты тұрмыстық қалдықтар) және зиянды әсері бойынша (қауiптi қалдықтар) тұтастай елде пайда болатын қалдықтардың жалпы көлемiне пайыздық қатынасын көрсетеді. Тоннамен өлшенедi.

Әртүрлi тәсілдермен жойылатын қалдықтар үлесін өлшеу үшін бiрнеше әдiстердің үйлесімділігі пайдаланылады. Қосарлы есепке алуды болдырмау үшін қалдықтар қозғалысының жүйесiндегi есеп қайда жүргізілетінін бiлу маңызды.

Қалдықтарды түпкілікті жою туралы зерттеулермен қалдықтармен жұмыс істеу қызметін жүзеге асыратын барлық кәсiпорындар мен ұйымдарды (мысалы, қоқыс жағатын зауыттар және қалдықтардың рұқсат етілген полигондары, қалдықтарды жинау бойынша кәсiпорындар) қамту қажет.

Қалдықтар полигондарына шығарылатын қалдықтар көлемін есептеуде, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерге шығарылатын қалдықтар есепке алынбайды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару туралы деректерді СК 1-қалдықтар және 2-қалдықтар жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары бойынша қалыптастырады.

10-параграф. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар
43. Қоршаған ортаны қорғау әртүрлі табиғат қорғау іс-шараларын өткізуді білдіреді.

Табиғат қорғау қызметі мынадай түрлер бойынша жіктеледі:

1) атмосфералық ауаны қорғау және климаттың өзгеру мәселелері;

2) ақаба суларды тазалау;

3) қалдықтармен жұмыс істеу;

4) топырақ, жер асты және жер үсті суларын қорғау және оңалту;

5) шу және вибрациялық әсерді төмендету;

6) биоалуандық пен мекендеу ортасын сақтау;

7) ғылыми-зерттеу жұмыстары;

8) табиғат қорғау қызметінің басқа бағыттары.

Қоршаған ортаны қорғауға шығындар көлемінің жиынтығы шығындардың мынадай түрлерін қосумен жүзеге асырылады:

кәсіпорындар және мекемелер қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды іске асыруға бағытталған негізгі капиталға салынған инвестициялар;

кәсіпорындар және мекемелердің қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға байланысты ағымдағы шығындары;

қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын аппаратты ұстауға атқарушы билік органдарының шығындары;

қоршаған ортаны қорғау және ұтымды табиғат пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беруге жұмсалған шығындар.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жиынтық шығындарды ЭҚЖЖ-ға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша топтастыру қажет.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың көрсеткіштерін мемлекеттік, коммерциялық секторлар және табиғатты қорғау қызметтерінің мамандандырылған жеткізушілері бойынша топтастыру керек. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жиынтық шығындар мың теңгемен өлшенеді.

44. Қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарда ұтымды пайдалануға бағытталған негізгі капиталға салынған инвестициялар объектілердің жаңа құрылысына, кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңғыртуға (күрделі жөндеу кезінде жүзеге асырылатын объектіні жаңғырту бойынша шығындарды қоса) жұмсалған объектінің бастапқы құнын арттыруға әкелетін шығындарды қамтиды.

Негізгі капиталға салынған табиғат қорғау инвестициялары туралы ақпараттың дереккөзі инвестициялық қызмет туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы байқауда 2000 Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет түрлері мен шығындардың халықаралық жіктеуішіне (The Classification of Environmental Protection Activities and Expenditure (СЕРА 2000) сәйкес табиғат қорғау қызметі түрлерінің бөлінісінде қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметпен байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға салынған инвестициялары көрсетіледі.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын ағымдағы шығындардың құрамына:

қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі қорларды ұстау және пайдалану: табиғатты қорғау қорларын пайдалану кезінде пайдаланылатын шикізат, материалдар мен басқа да өнімдер, отын және электр энергиясы; осы қорларды ағымдағы жөндеуге, аталған қорларға қызмет көрсететін персоналды ұстауға жұмсалған шығындар; ренталық (лизингтік) төлемдер, табиғатты қорғау имараттарына және жабдықтарына қатысты сақтандыру бойынша төлемдер;

өз күшімен өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, сақтау/көму және қайта өңдеу немесе залалсыздандыру, жою және орналастыруға жұмсалатын шығындар;

қоршаған ортаға зиянды әсерлерді өз бетімен бақылауды және мониторингілеу іс-шараларын ұйымдастыру, ғылыми-техникалық зерттеулер, ұйымда табиғатты қорғау қызметін басқару;

бұдан бұрын жүргізілген шаруашылық қызметтің нәтижесінде бұзылған қоршаған ортаның сапасын сақтау және қалпына келтіру бойынша ағымдағы
іс-шаралар;

қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету үшін өзге де ағымдағы


іс-шаралар кіреді.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымды шығындар көрсеткішін қалыптастыру үшін республикада өткізілетін мемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар деректері, сондай-ақ әкімшілік есепке алу деректері пайдаланылады.

Көрсеткішті қалыптастыру кезінде негізгі дереккөздердің бірі қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар, экологиялық төлемдер және табиғи ресурстар үшін төлемақы туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады.

Орман ресурстарын қорғауға жұмсалған шығындардың көрсеткішін қалыптастыру үшін орман өсіру және ағаш дайындау қызметі туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері пайдаланылады. Бұдан басқа, өрт өшіруге жұмсалған шығындар көрсетілетін орман өрттері туралы ведомстволық статистикалық байқау деректерін қамтиды.



Жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайту бойынша шығындар жыл сайынғы әкімшілік деректердің негізінде қалыптастырылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беруге жұмсалған шығыстарды бір оқушыны оқытудың есептік орташа жылдық құны туралы деректерді және жоғары оқу орындары туралы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректерін пайдаланумен есептеу арқылы анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет