Қоршаған ортағА Әсердi бағалау қоршаған ортаға әсерді бағалау


Қоршаған ортаға әсердi бағалау объектiлерiн бағалану маңыздылығы мен толымдылығы бойынша сыныптау



бет5/6
Дата13.12.2021
өлшемі60 Kb.
#99988
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚОӘБ.ЭкоКодекстен

Қоршаған ортаға әсердi бағалау объектiлерiн бағалану маңыздылығы мен толымдылығы бойынша сыныптау

      1. Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет бағалаудың маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып – 4 санатқа бөлiнедi.

      I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптарына жататын қызмет түрлерi, жоғарыда көрсетілген қауіптілік сыныптарының қызмет түрлерінен сарқынды суларды (су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне, жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, тазарту құрылысжайларына) ағызу, сондай-ақ кең таралғандарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жатады.

      II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жатады.

      III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.

      IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.

      1-1. Өндірістік объектілерді санитариялық сыныптауға сәйкес қауіптілік сыныптарына жатпайтын қызмет түрлері IV санат объектілері ретінде сыныпталады.

      2. Әртүрлi санаттағы объектiлерге қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуге қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта белгiленедi.

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет