Қоршаған ортағА Әсердi бағалау қоршаған ортаға әсерді бағалау


Қоршаған ортаға әсердi бағалау құжаттамасы



бет6/6
Дата13.12.2021
өлшемі60 Kb.
#99988
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚОӘБ.ЭкоКодекстен
! 07, 1 ВАРИАНТ.ТестыОВОС.2020-21, ОШ СОр Әдебиет 7-сынып, Силлабус Саясаттану 1 курс 2020-2021 курс
Қоршаған ортаға әсердi бағалау құжаттамасы

      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi құжаттама:

      1) шаруашылық және өзге де қызметке тапсырыс берушiнiң деректемелерiн;

      2) жоспарланып отырған қызметтi iске асыру қажеттiгi негiзделген өтiнiштi (арызды), инвестициялар негiздемесiн, техникалық-экономикалық негiздеменi (жобаны), жұмыс жобасының бекiтiлген бөлiгiн, түсiндiрме жазбаны;

      3) қоршаған орта компоненттерiнiң қызметтi iске асырғанға дейiнгi не қазiргi кездегi жай-күйiнiң сипаттамасын;

      4) жобаның жазбасын, оған қоса:

      бүкiл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңiнде қойылатын талаптардың сипаттамасын;

      жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған орта элементтерiне ықтимал әсерлерiнiң түрлерi қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикiзаттың және алынатын ресурстардың көлемi мен оның қосындыларының құрамымен бiрге көрсетiле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтерi мен санын қоса алғанда, өндiрiстiк процестердiң негiзгi сипаттамаларын;

      5) қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологиялармен және техникалық үлестік нормативтермен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық регламенттермен және технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптармен сәйкестігі тұрғысынан талдауды;

      6) баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негiзгi себептерiне нұсқауды;

      7) қызметтiң қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға ықтимал әсерлерiнiң сипаттамасын;

      8) жобаланатын шаруашылық немесе өзге де қызметтiң қоршаған ортаға беймәлiм әсерлерiн;

      9) экологиялық тәуекелдi және халықтың денсаулығына төнетiн тәуекелдi бағалауды;

      10) экологиялық мониторинг жөнiндегi ұсыныстарды қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi болдырмау, азайту үшiн көзделетiн шаралардың сипаттамасын;

      11) қоршаған ортаға эмиссиялардың жобалық нормативтерiн және табиғи ресурстарды алып қою нормативтерiн;

      11-1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының негіздемесін;

      11-2) қалдықтарды басқару бағдарламасының негіздемесін;

      12) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының негiздемесiн;

      13) ықтимал тәуекелдердi және келтiрiлген залалдарды өтеудi ескере отырып, жобаны экологиялық-экономикалық бағалауды;

      14) хаттамалармен ресiмделген және жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық аспектiлерiн қоғамдық талқылау нәтижелерi жөнiндегi қорытындыларды қамтитын қоғамдық пiкiрдi есепке алу жөнiндегi материалдарды;

      15) қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу кезiндегi кез келген қиыншылықтарды және ақпараттың жетiспеушiлiгiн көрсетудi;

      16) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi жөнiндегi негiзгi қорытындыларды қамтиды.

      2. Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеме әзiрлеп, табыс етедi, ол осы қызметтi iске асыруға болатыны туралы шешiм әзiрлеуге негiз болады.

      3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың әрбiр кезеңiндегi құжаттама мазмұнының толымдылығы қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықпен айқындалады.


      Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзудiәдiстемелiк қамтамасыз ету



      1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде тиiстi жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсердi бағалауды әзiрлеу процесiнде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет