4.11-сурет. Калькулятор.
Мәліметтерді енгізу және шығару үшін басқа да компоненттер мен функцияларды пайдалану болады. Мәліметтерді енгізу үшін inputBox функциясын пайдалануға болады. Оның жазылу форматы:
inputBox («терезе тақырыбы», «нұсқау: енгізілетін мәндер»,)
Мұндағы –терезе тақырыбы- сұхбат терезесінің тақырыбы, нұсқау-пайдаланушы енгізген түсіндірме, ал енгізілетін мәндер- енгізу өрісіне енгізуге болатын мәндер тізімі. Бұл функцияның орындалуы нәтижесінде экранға енгізу өрісі бар сұхбат терезе пайда болады.
Тапсырма №6
Программа мәтіні төмендегідей:
Procedure TForm1.Button1Click (Sender:TObject);
Var n:integer; n1:string;
Begin
Label1.Caption:=’1.Әзір қайталану командасы’;
Label2.Caption:=’2.Дейін қайталану командасы’;
Label3.Caption:=’3.Параметрлі қайталану командасы’;
n1:= inputBox(‘командалар’, ‘керекті санды енгіз:1,2,3-?’ ‘’);
n:=StrToInt(n1);
case n of
1:label4.Caption:=’While<шарт> do begin … end’;
2:label4.Caption:= ‘Repeat…Until’;
3:label4.Caption:= ‘for i:=1 to n do begin … end’;
end;
end;
end.
Программаның орындалуы нәтижесі 4.12-суретте келтірілген.
4.12-сурет. Нұсқау бойынша таңдау терезесі
Ұсынылатын әдебиеттер: [1-9]
Бекіту сұрақтары:
Құрама оператор дегеніміз не?
Бос оператор деп нені түсінеміз және ол программада қалай белгіленеді?
Шартты оператордың қызметі және жазылу форматы қандай?
Шартты оператор қалай орындалады?
Object Pascal тілінде пайдаланылатын қайталану операторларының түрлері қандай және айырмашылығы неде?
Параметрі қайталану операторының жазылу форматы қандай және қалай орындалады?
Әзір қайталану операторының жазылу форматы қандай және қалай орындалады?
Дейін қайталану операторының жазылу форматы қандай және қалай орындалады?
FloatToStr функциясының қызметі не?
Break,Continur процедурасының қызметі қандай?
Таңдау операторының жазылу форматы және атқаратын қызметі қандай?
Калькулятор программасына түсініктеме беріңіз.
Программада белгі не үшін пайдаланылады?
Көшу қалай жүзеге асырылады?
Берілген нақты х аргументі үшін төмендегі функциялардың мәндерін есептеуге арналған программалар жазыңдар:
а) у=
б) y=
Достарыңызбен бөлісу: |