Қоршаған ортаны модельдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие, сезімдік тұрғыдан түсініктіұғымдар жиынтығы негізінде құрылады, алдын ала жазылып қойған программа кодын көп рет қолдануға мүкіндік береді


ColorGrid – түстер кестесі. Бұл компонент 16 түсті палитрадан негізгі және фондық түсті таңдауға арналған. SpinButton



бет19/35
Дата25.08.2017
өлшемі8,61 Mb.
#27256
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35

ColorGrid – түстер кестесі. Бұл компонент 16 түсті палитрадан негізгі және фондық түсті таңдауға арналған.

SpinButton – қос батырма. Қандай да бір сандық шамаларды басқарудың ыңғайлы құралы.

SpinEdit – сандар редакторы. Қос батырманың көмегімен бүтін сандарды өзгерту мүмкіндігімен бірге бейнелеу және жөндеуді қамтамасыз етеді.

DirectoryOutline – каталогтар тізімі. Дискідегі иерархиялық құрылыммен орналасқан каталогтарды бейнелейді.

Calendar - календарь. Айдағы күнді таңдап, көрсетуге арналған.
Тапсырма:
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылатын әдебиеттер: [1-9]
Бекіту сұрақтары:

  1. Компоненттер деп нені түсінеміз?

  2. Delphi ортасындағы негізгі компоненттер орналасқан беттерді атаңыз?

  3. Пайдаланушымен қарапайым сұхбат ұйымдастыру үшін қандай беттен қандай компоненттерді пайдаланауға болады?

  4. Мәліметтерді енгізу үшін қандай беттен қандай компоненттер пайдаланылады?

  5. Терезеге түсіндірме жазу үшін қандай компонент пайдаланылады?

  6. Орындалған нәтижені экранға шығару үшін қандай компоненттер пайдаланылады?

  7. Нәтижені есептеу үшін қандай компоненттер пайдаланылады?

  8. Сурет, радиобатырмалар қою үшін қандай компоненттер пайдаланылады?

  9. Көп жолдық форматталған мәтін редакторы қандай қызмет атқарады және оның мемо редакторынан айырмашылығы неде?

  10. Мәліметтерді шығаруды ұйымдастыруға қандай компоненттерді пайдалануға болады?

  11. Анимация және дыбыс үшін қандай компоненттер пайдаланылады?

  12. SpinEdit компоненті не үшін пайдаланылады?

  13. Меню құру үшін қандай компоненттер пайдаланылады және ол қандай бетте орналасқан?

  14. OpenDialog, SaveDialog компоненттерінің қызметі қандай?

  15. Оқиғаға жауапты қалыптастыру үшін қандай компоненттер пайдалануға болады?

  16. StringGrid компоненті не үшін пайдаланылады?

  17. RadioButton компонентінің қызметі қандай?

Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Типтер
Мақсаты Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Delphi программалау ортасы
Теориялық түсініктеме:

Object Pascal тілінде типтер маңызды роль атқарады. Object Pascal тілінде типтердің мәні айтарлықтай өскен, яғни олрадың көмегімен программистің негізгі құралы – кластар анықталады.


4.3.1. Жолдық және символдық типтер

Біз танысуды STRING жолдық типінен бастайық. Бұл тип ұзындығы айнымалы болып келген жады бөлігін анықтайды, әрбір символ 1 байттан орын алады. Object Pascal тіліндегі символ үшін CHAR типі пайдаланылады, сөйтіп STRING дегеніміз – бұл бірінен соң бірі тізбектеле орналасқан CHAR типті смиволдар.



STRING типі әрбір символ нөмірленген, бірінші символдың нөмірі 1-ге тең. Программист айнымалы атауынан кейін оның реттік нөмірін []–мен көрсете отырып, жолдың кез келген символын ала алады.

Var // Айнымалыларды сипаттау бөлімінің басы

S:STRING; // Жолдық типті айнымалыны хабарлау

Begin // Орындалатын операторлар бөлімінің басы

S:=’символдар жолы’ // S айнымалысына “символдар жолы” мәні меншіктелген

S[G]:=’и’

End; // Орындалатын операторлар бөлімінің соңы

S жолдық айнымалы деп хабарланғаннан кейін математикалық есептеулерге қатыса алмайды, мысалы 2*S-1, яғни S айнымалысы сандық емес, тек символдық мәндерді сақтауға арналған.

Бірінші операторда S айнымалысында ’символдар жолы’ деген жолдық тұрақты мән меншіктелген. Жолдық тұрақтылар апосторф ішіне алынған кез келген (еркін) символдардан құралады, ал апострофтардың өзі тұрақты мәнге кірмейді. Бірінші меншіктеу командасынан кейін S айнымалысы жадыдан ұзындығы 15 байт орын алады, әрбір символ 1 байт орын иеленеді. Символдар жолын орналастыруға бөлінген жады бөлігінің өлшемінің өзгертіп отыру тек STRING типке ғана тән.

Программадағы жолдық айнымалының ұзындығы айнымалыға әрбір жаңа мән меншіктелген сайын автоматты түрде өзереді, ол 0-ден 21 байтқа дейін (1 Гбайт (Gbyte)) констанға сәйкес келеді.

Жолдық типтер үшін жалғастыру операциясын анықталған.

S:=’ Object Pascal’; //S- “Object Pascal”;

Сондай-ақ, жолдарды салыстыру белгілері арқылы салыстыруға болады:

“=”-тең, “<>”-тең емес, “>”-үлкен, “<”-кіші, “>=”-үлкен немес тең, “<=”-кіші немесе тең.

Жолдарға қолданылған салыстыру операцияларының нәтижесі логикалық тип болады, ол екі мәнмен сипатталады: True және False. Жолдар байт бойынша солдан оңға қарай салыстырылады. Әрбір символдар жұбы олардың ішкі кодировкасына сәйкес салыстырылады.
4.3.2. Бүтін типтер

Бүтін типтер бүтін сандарды сақтау және түрлендіру үшін пайдаланылады. Object Pascal–да бүтін сандардың бірнеше типі қарастырылған. Бүтін сандарға қолданылатын төмендегідей операциялар анықталған:

+ қосу;

- алу;


* көбейту;

/ бөлу;


Div - бүтінді бүтінге бөлгендегі бүтін бөлінді;

Mod - бүтінді бүтінге бөлгендегі бүтін қалдық.


Бөлу амалының нәтижесі бөлшек сан болуы мүмкін. Бөлшек сандарды сақтау үшін Object Pascal-да нақты типтер пайдаланылады, бөлудің екі амалы пайдаланылады (div, mod):
Var x,y:integer;

Begin


X:=5 div2; Y:=5 mod2; End;
Бүтін сандар үшін де салыстыру операциялары анықталған.
ТАПСЫРМА:
Тапсырма №1. «КӨШІРУ» оқу программасы. Edinput eнгізу жолынан тұратын мәтін ешқандай өзгеріссіз Lboutput белгісі мен mmOutput редакторына көшірілетін программа құрайық.

Тапсырма №2. Берілген төрт орынды санның цифрларының көбейтіндісін табатын программа құру.

Тапсырма №3. Төмендегі программада пайдаланушы екі бүтін санды енгізеді, ал программа олардың көбейтіндісін және қосындысын есептеп көрсетеді.
ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Тапсырма №1. Ол үшін Delphi–ді шақырып, File / New Application командаларын орындаймыз.

Формаға төмендегідей компоненттерді орналастырайық.




Компоненттер:

Объектілер инспектор терезесіне енгізілетін өзгертулер:

Panel1:Tpanel

Capion: Көшіру

Font: шрифті және түсті таңдау

BBRun:TbitBtn

Kind:BkOk

Name:BbRun

BBClose:TbitBtn

Kind:BkClose

Name:BbClose

Edinput:Tedit

Text: бос қалдыру

Name: Edinput

LbOutput:Tlabel

Caption: Мәтін енгізу

Font: шрифті және түсті таңдау

Name: LbOutput

MmOutput:

Tmemo

Font: шрифті және түсті таңдау

Компоненттерді орналастырып, сәйкес қасиеттері тағайындалғаннан кейін бөлігінде төмендегідей жазулардың бар екеніне көз жеткізу қажет:

Type

TfmExample=class(Tform)



Panel1:Tpanel;

BBRun:TbitBtn;

BBClose:TbitBtn;

Edinput:Tedit;

LbOutput:Tlabel;

MmOutput:Tmemo;

Procedure TfmExample.BbrunClick(Sender:Toject);

Программаға Edinput енгізу жолында мәтін дайындалғанның хабарлау үшін пайдаланушы BBRun батырмасын басу қажет, сондықтан барлық қажетті әрекеттерді осы батырманың OnClick оқиға өндеушісінде орындаймыз. Формалар терезесіндегі BBRun батырмасын тышқанмен екі рет белгілеңіз, оқиғаны өндеушінің тақырыбын автоматты түрде дайндайды, оған төмендегідей өзгерістер енгізіңіз:



Procedure TfmExample.BbrunClick(Sender:Toject);

Begin


LbOutput.Caption:=edinput.Text//Белгідегі және көп жолдық редактордағы мәтінді қайталаймыз;

MmOutput.Lines.Add (edinput.Text);

Edinput.Text:=’’//Енгізу жолын тазалаймыз

Edinput.SetFocus; //Оған енгізу фокусын береміз

End;

Нәтижесінде экранға төмендегідей форма терезесі алынады (4.4-сурет).



Программаны орындау үшін Ғ9 клавишын басып, модульді *.pas, жобаны *.dpr деген атпен сақтаңыз.

Программаға түсініктеме

Енгізілетін мәтін Edinput компонентінің Text қасиетінде сақталады. Бірінші меншіктеу операторы орындалғаннан кейін LbOutput компонентінің Caption қасиетіне барып орналасып, экранда ол енгізу жолының үстінде пайда болады.



MmOutput көпжолдық редакторы экранда жолдар жиынын бейнелеуге және сақтауға қабілетті. Оның бәрі TSTringList класына қатысты Lines қасиетінде орналасқан.


4.4-сурет. «Көшіру» оқу программасының терезесі.
TSTringList класының Add методы бұрыннан бар Lines жолдар жинағына жаңа жол қосады. Екінші оператордың көмегімен қосылған жол бірден экранға пайда болады.

Edinput.Text:=’’;

оперторының көмегімен енгізу жолы тазаланып, жаңа мәтін енгізуге дайындалады. Оператордың оң жағындағы екі апостроф бос жолды көрсетеді.

Edinput.SetFocus;

оперторының көмегімен жолы енгізу фокусын алады. Енгізу фокусы дегеніміз – бұл Delphi–де клавиатураның белгіленуі. Прогаммалар терезесінде клавиатурадан енгізуді өңдеу мен қабылдауға қажетті бірнеше компонент болуы мүмкін (біздің программада мұндай 4 компонент бар: mmoutput редакторы, edinput жолы, Bbrun және Bbclose батырмалары). Бұл компоненттердің әрқайсысының SetFocus әдісі бар, оның көмегімен программа компонентке клавиатураны бақылау мүмкіндігін береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет