Қоршаған ортаны модельдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие, сезімдік тұрғыдан түсініктіұғымдар жиынтығы негізінде құрылады, алдын ала жазылып қойған программа кодын көп рет қолдануға мүкіндік береді



бет9/35
Дата25.08.2017
өлшемі8,61 Mb.
#27256
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

TabControl – қойымталар жиынтығы. Әрбір қойымта жазуы немесе суреті бар тіктөртбұрышты өріс болып келеді. Қойымтаны таңдау программа арқылы жүргізіледі және терезедегі компоненттер жиынтығын басқару үшін пайдаланылады.

PageControl – қойымталары бар панельдер жиынтығы. Әрбір панельдің өзінің инерфейстік элементтер жиынтығы бар. Ол өзіне байланысты қойымтаны тышқанмен белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

ImageList – суреттер жиынтығы. Өлшемдері бірдей бірнеше суретерді сақтауға мүмкіндік береді.

RichEdit – форматталған мәтінге арналған көп жолдық редактор. Memo компонентінен айырмашылығы RichEdit компонентіндегі мәтін Кеңейтілген Мәтіндік Формат ережесіне бағынады (RTF – RICH TEXT FORMAT) және шрифт, түс, туралау тәрізді сипаттамаларын өзгерте алады.

TrackBar - регулятор. Программадағы кейбір шамалардың мәндерін басқару үшін пайдаланылады. Мысалы, оның көмегімен мультимедиалық программалардағы дыбыстың дауысын оңай өзгертуге болады.

ProgressBar – процесс индикаторы. Бұл компоненттің көмегімен ұзақ уақыт орындалатын процестің атқарылуын бейнелеуге болады. Мысалы, мәліметтерді дискетке көшіру барысы.

UpDown – цифрлық регулятор. Бұл компоненттің екі батырмасы компонентке байланысты сандық мәнді үлкейтуге немесе кішірейтуге арналған.

Hotkey – басқару клавиші. Компонент басқару клавиштерін енгізу үшін пайдаланылады.

Animate – мультипликатор. Бірінен кейін бірі ауысып отыратын қозғалыстағы суреттерді (видеоклип) бейнелеуге арналған. Компонент дыбысы бар видеоклипті сүйемелдей алмайды.

DateTimePicker - күн, уақыт селекторы. Бұл компонент күнді немесе уақытты енгізіп, бейнелеуге арналған.

TreeView – таңдау тармағы. Пиктограммалардың тармақты құрылыммен байланысқан жиынтығын береді. Әдетте каталогтар құрылымын және басқа да иерархиялық қатынаспен байланысқан элементтерді көру үшін пайдаланылады.

ListView – пиктограммалар панелі. Бірнеше пиктограмаларды көруді және қажеттісін таңдауды ұйымдастырады. Бұл компонент пиктограммаларды тігінен немесе көлденеңінен орналастырып, оларды үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетеді.

HeaderControl – басқарушы тақырып. Жазуы бар секцияларға бөлінеген, тік немесе көлденең жолақ болып келеді. Секциялардың өлшемін програмам жұмысы кезеңінде тышқанмен өзгертуге болады. Әдетте әртүрлі кестелердегі жолдар мен бағандардың өлшемін өзгерту үшін пайдаланылады.

StatusBar – статус панелі. Жөндеу терезесінде әртүрлі нұсқау беретін ақпараттарды орналастыруға арналған.

ToolBar – саймандық панель. Бұл компонент Bitbtn командалық батырмалары үшін контейнер қызметін атқарады. Сондай-ақ, олардың өлшемдерін және батырмаларды өшіргендегі немесе жаңасын қосқандағы орнын автоматты түрде өзгерте алады.

CoolBar – саймандық панель. ToolBar компонентінен айырмашылығы WINDOWS-дің Edit, ListBox, ComboBox және т.б. тәрізді стандартты интерфейстік компоненттерін орналастыруға арналған контейнер ретінде пайдаланылады.

PageScroller – айналатын панель. Жіңішке саймандық панельдерді орналастыруға мүмкіндік береді. Қажеттілігіне қарай панельдің жиегіне орағыш стрелкаларды автоматты түрде орналастырады.

ComboBoxex - ComboBox компонентіне ұқсас, бірақ ашылатын тізімге шағын бейнелерді бейнелеуге мүмкіндік береді.
3.4. SYSTEM беті
Бұл бетте басқару қызметі бар компоненттер келтірілген, оның ішінде Windows үшін стандартты OLE (Object Linking and Embedding) және DDE (Dinamic Data Exchange) мәліметтерімен алмасуды сүйемелдейтін де компоненттері бар.

3.4-сурет. System беті

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет