Бұл ырықты қимыл-қозғалыстармен қатар жүретін, яғни солармен бірлескен қимыл-қозғалыстар.
Синкинезияның физиологиялық және патологиялық түрлері болады.
Физиологиялық синкинезияларға, мысалы, жүріп келе жатқандағы қолдың қабаттаса қозғалуын жатқызуға болады.
Патологиялық синкинезиялар, пирамидалық жүйенің зақымдануы кезінде пайда болады.
Патологиялық синкинезияларға мысал ретінде, адамның төсектен тұруға әрекеттенгенде, сал болып семіп қалған аяқтың, өздігінен ырықсыз көтерілуін; сал болып қалған аяқ-қолдың, сау аяқ-қолдың қимылын қайталауын; бір қимыл жасағандағы, тіл мен еріннің қабаттаса қимылдайтынын келтіруге болады.
БЦП балаларда патологиялық синкинезиялар жиі кездеседі, яғни, кез келген ырықты қимыл–қозғалыстың, оның ішінде сал болған мүшенің қимылының өздігінен қабаттасуы.
Бала бір затты алуға қолын созса, жұдырығын түйсе, бір қолын көтерсе, екінші сал болған қолы, өздігінен қатар созылады, буындары бүгіледі, аяқтары түйіседі, иықтарында пронация пайда болады.
Бұл қимылдар орталық жүйке жүйесі тарапынан бақылауға көнбейді.
Патологиялық синкинезиялардың болуы, ырықты қимыл-қозғалыстардың қалыптасуын тежейді, әртүрлі іс-әрекеттерді меңгеруге кедергі жасайды.