Ырықсыз қимыл-қозғалыстар, БЦП-ң гиперкинетикалық формасында өте айқын, гиперкинездер түрінде көрінеді: хореиформдық гиперкинездер, атетоидтық гиперкинездер, хореоаттоидтық гиперкинездер, спастикалық қисық мойындық және тремор түрінде көрінеді.
Кейбір әдебиеттерде, треморды гиперкинездерге жатқызады. Гиперкинез дегеніміз - бұлшық ет тонусының ауыспалылығынан пайда болатын, ырықсыз қимылдар.
Олар адам толқыған, абыржыған кезде, қандайда бір әрекет жасаған кезде күшейе түседі.
Мұндай қимыл-қозғалыстар артикуляциялық аппаратта, бас, қол, мойында болады.