Қоршаған ортаның шумен ластануы, оның адам денсаулығына тигізетін әсері



бет1/14
Дата07.02.2022
өлшемі447,55 Kb.
#97295
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
24112020 - копия

БЦП-те қимыл-қозғалыс кемістіктің құрылымы


Лектор: Аширбаева А.Б.

Қимыл-қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай, бұл категориядағы балалар үш топқа бөлініп қарастырылады:


1) қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай ғана қалыптасады;
2) орташа дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар (сан жағынан ең көбі): балалардың басым көпшілігі өздігінен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан;
3) жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;
Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістіктер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамудағы тежелу т.б.)»1.
БЦП түрлеріне ортақ спецификалық бұзылулар
1.Паралич (сал) пен парез
2.Бұлшық ет тонусының бұзылуы
3. Сіңірлік және периостальды рефлекстердің күшеюі (гиперрефлексия)
4. Синкинезиялар
5.Тізбекті тіктелу рефлекстерінің жеткіліксіз дамуы (статикалық-кинетикалық рефлекстер)
6.Тепе-теңдік реакциясының қалыптаспауы мен қимыл-қозғалыс координациясының бұзылуы (атаксия)
7. Қозғалыс түйсіктерінің бұзылуы (кинестезиялар)
8. Ырықсыз қимыл-қозғалыстар
9. Қорғаныс рефлекстері
10. Патологиялық рефлекстер (жазылу және бүгілу)
11. Позотондық рефлекстер
1.Паралич (сал) пен парез
Паралич - ырықты қимыл-қозғалыстар жасаудың мүмкін болмауы. Бала денесін өз қалауымен қозғалта алмайды.
Парез – салдың жеңіл түрі, ырықты қимыл-қозғалыстардың шектелуі. Орталық параличтер мен парездер, мидағы қимыл-қозғалыс аймағы мен қимыл-қозғалысты жеткізуші жолдардың зақымдануы салдарынан болады.
Ми зақымдануының ауырлық деңгейіне байланысты, тұтастай сал күйі немесе жартылай қимыл-қозғалыс шектелуі пайда болады. Бұл бұлшық ет күшінің төмендеуімен байланысты. Мысалы, баланың қолын немесе аяғын өздігімен көтеруі, алға созуы, бүгуі, екі жағына созуы мүмкін емес немесе қиынға соғады. Мұның барлығы, маңызды моторлық функциялардың дер кезінде, толыққанды дамуына кедергі жасайды, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының, ойын, оқу, заттық әрекеттердің дамуын қиындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет