2. Бұлшық ет тонусының бұзылуы
Кез келген қимыл-қозғалыс актісі үшін қалыпты, дұрыс бұлшық ет тонусы қажет. Бұлшық ет тонусының реттелуі, жүйке жүйесінің әртүрлі буындарының, өзара үйлескен қызметімен жүзеге асырылады.
БЦП–да бұлшық ет тонусы жоғарылайды (спастика, бұлшық ет гипертониясы). Әсіресе, аяқ-қолдардың бүгуші бұлшық еттерінің, жамбас бұлшық еттерінің, табандағы бүгуші бұлшық еттердің т.б. кейбір бұлшық ет топтарының тонусы аса жоғары болып келеді.
Бұлшық еттер тонусының жоғарылауы, БЦП балалардың спецификалық кейпін туғызады: аяқтары тізеден бүгіліп, бір-біріне түйістірілген, салмақ табанға емес аяқ башпайларына түседі, қолдары шынтақтан бүгіліп, денеге жанасқан, саусақтары жұдырыққа түйілген.
БЦП-ң гиперкинетикалық формасы, бұлшық ет дистониясымен сипатталады. Дистония - бұзылу, яғни бұлшық ет тонусының құбылмалылығы.
Қалыпты жағдайда, бұлшық еттер бос болып көрінеді және гиперкинездер жоғалады, босаңсиды, сәл қимыл жасай бастаса, тонус күрт жоғарылайды, бұлшық еттер бірден қатты жиырыла бастайды гиперкинездер күшейеді.
Атетоидтық гиперкинездерде, бұлшық ет дистониясы тонусты өзгертеді, құрт тәрізді жыбырлаған, үздіксіз спазм пайда болады.
БЦП-ң атониялық–астатикалық формасында, бұлшық ет гипотониясы орын алады. Гипотония - бұлшық еттердің әлсіз, болбыр болып келуі.
Ригидтілік құбылысы да жиі кездеседі. Ригидтілік немесе ебедейсіздік - тетанус жағдайы – шамадан тыс қатты жиырылу. Қимыл-қозғалыс шұғыл, оқыс орындалады, оқыс қимылдар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |