Пирамидалық жүйенің зақымдану симптомдарына, орталық сал ауруында байқалатын қорғаныс рефлекстері жатады.
Қорғаныс рефлекстері дегеніміз – сал болып қалған аяқ–қолға тітіркендіргіштер әсер еткен кезде, ырықтан тыс жазылуы мен бүгілуі.
10. Патологиялық рефлекстер
(жазылу және бүгілу)
- Патологиялық рефлекстер деп, ересек сау адамда пайда болмайтын, тек жүйке жүйесінің зақымдануында ғана байқалатын, мидың тежеуші әсерінің төмендеуімен байланысты рефлекстер (патологиялық рефлекстер пирамидалық жүйенің зақымдануынан пайда болады) аталады.
- Патологиялық рефлекстер жазылу және бүгілу рефлекстері болып бөлінеді (аяқ-қол үшін).
- Бұл патологиялық рефлекстер пирамидалық жүйенің зақымдануында дами бастайтын, орталық (спастикалық) сал ауруының синдромын құрайды.
- 1 жасқа дейінгі балаларда, бұл рефлекстер патологиялық белгі болып саналмайды.
- Позотондық рефлекстер туа біткен, шартсыз рефлекстік қимыл-қозғалыс автоматизмдеріне жатады.
- Қалыпты дамудағы балаларда бұл рефлекстер, бала өмірінің алғашқы айларынан байқалады.
- Олардың біртіндеп жоғалуы, бала әрекетіндегі шартсыз рефлекторлық сатының пайда болуына қажет жағдай тудырады.
- Қалыпты дамуда 3 айдан кейін, позотондық рефлекстер мүлдем жоғалады.
- Ал бұл рефлекстердің сақталуы, ОЖЖ зақымдануының симптомы, яғни БЦП симптомы.
- Бұл рефлекстерді патологиялық рефлекстерге жатқызуға болады, себебі ересек сау адамдарда пайда болмайды.
- Церебральды сал аурулы балаларда аталған рефлекстер мектеп жасына дейін сақталады, келешекте бала денсаулығына ықпалы болады.
- Жоғары интегративті қозғалыс орталықтары, мидың қажетті, яғни рефлекторлық қозғалыс реакцияларын жүзеге асыратын бөліктеріне, тежеуші ықпал жасай алмайды, сондықтан оларды позотондық рефлекстерге жатқызады.
- Екінші жағынан, алып қарағанда, ми құрылымының белсенді қызметі, ырықты қимыл-қозғалысты, сөйлеуді және жоғары қыртыс қызметтерін реттейтін, ми қыртысының жоғары интегративті орталықтарының жетілуін тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: |