Қоршаған ортаның шумен ластануы, оның адам денсаулығына тигізетін әсері


БЦП бар мектеп жасына дейінгі балалардың, ойын әрекетінің даму динамикасын Н. В. Симонова зерттейді



бет14/14
Дата07.02.2022
өлшемі447,55 Kb.
#97295
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
24112020 - копия

БЦП бар мектеп жасына дейінгі балалардың, ойын әрекетінің даму динамикасын Н. В. Симонова зерттейді.
Оның зерттеулерінде, ойын әрекетінің (сюжеттік–рөлдік) даму динамикасы мен күйі, келесі параметрлермен бағаланады:
ынта мен түрткінің болуы, сюжеттің болуы,
ойын ситуациясын тудыру және рөлдерді қабылдау,
ойын әрекетін жүзеге асыру тәсілдерін игеру,
жоспарлау, реттеу және ойын барысындағы әрекеттерді үйлестіру.
Зерттеу нәтижелері мынаны көрсетеді:
1. Мектеп жасына дейінгі 4-5 жастағы (оқытудың бірінші жылы), БЦП бар балалардың балабақшаға келген кезіндегі, олардың ойын әрекеті әрекеттік, еліктеушілік сипатқа ие. Ойында жаңа ой жоқ, операциялар жиынтығы шектеулі, ойын әрекеті барысында, сөйлеу аз немесе мүлдем жоқ, бұл сатыда сюжеттік-рөлдік ойындар пайда болмайды, «қатар отырып» ойнау мен жеке ойындар болады.
Ойын әрекетері мен ситуациясын көрсете отырып, ойнауға мақсатты түрде үйрету, ойынның жалпы сипатын өзгертеді. «Қатар отырып» ойнайтын балалардың тұрақты топтарының қалыптасуына әкеледі, болмаса дара және эмоционалды-тұлғалық қалау негізінде орнығатын топтардың ойынына әкеледі. Балалар ойын шеңберінде, эпизодтық түрде қарым-қатынас жасайды. Балалар сюжеттік әрекеттердің ретін, дұрыс көрсете бастайды, ойынның шын мәнісіндегі, өмірді қайталау сипаты орнығады және байи түседі, әрекетті іс-әрекет орнығады, ойыншықтарды басқа заттармен алмастыру дағдысы пайда болады.
Осылайша, 4-5 жастағы БЦП бар балаларды ойын әрекетіне үйрету нәтижесінде, ойынның дамуында айтарлықтай динамика байқалады, бұл түрткілік қажеттіліктер мен оның операциялық компоненттерінің дамуынан көрінеді. Заттық іс-әрекеттер қайталау немесе рөлдік ойындар сипатында болады.
2. Мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы (оқытудың екінші жылы) БЦП бар балалардың ойын әрекеті, сюжеттік-рөлдік ойындардың орнығуымен сипатталды.
Ойын тақырыбы кеңейеді, құрылымы байи түседі, барысы ұзарады, ойнау тәсілдері жетіледі, ойыншықты алмастыратын заттар көбейе түседі, ойын топтық сипатқа ие болады, ойын барысындағы рөлдік қарым-қатынастар пайда болады.
Ойын әрекетінің мұндай сапалық–сандық оң өзгерістері, тек білікті психологиялық-педагогикалық басшылықтың және коррекциялық–дамытушылық жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болады.
3. Мектеп жасына дейінгі 6-7 жастағы (оқытудың үшінші жылы) БЦП бар балалардың ойын әрекеттері, құрылымдық-динамикалық өзгеруімен сипатталады.
Бірақ, бұл сатыда өз бетімен шығармашылық етуге қабілетті ұжымдар пайда бола бастайды, ойындағы ересек адамдардың бағыттаушы, жоспарлаушы және бақылаушы рөлі азаяды немесе мүлдем жоғалады.
Егер ол алғашқы кездерде, ойынның бастаушысы, яғни бастамашысы болса, енді ойынға тек көмектеседі, үдерісті бақылайды, кеңес береді.
Ойын барысында, негізінен адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың өзара рөлдік әрекеті көрсетіледі.
Ойындағы түпкі ой, шығармашылық сипатқа ие болады, ойынға бірнеше компонент, бірінен-біріне ауысатын бірнеше сюжет енуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет